Оралда бұрынғы полицей бір үйдің екі қызын көлікпен басып өлтірді, сот шешімі шықты
Фото: Pexels
Оқиға 2025 жылғы 23 қыркүйекте Орал қаласы Мәметова көшесінде болған. Сот деректеріне сәйкес, 50 жастағы Рауан Ізбасаров Chevrolet Cobalt көлігін басқарып, солға бұрылу кезінде Toyota Mark X-ке жол бермеген. Соқтығысудан кейін Chevrolet-тің екі жолаушысы ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Orda.kz.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліментше 41 жастағы Маржангүл Нұрғалиева оқиға күні жансақтау бөлімінде көз жұмды. Оның сіңлісі Ақгүлім жеті күн бойы ес-түссіз жатып, кейін ол да қайтыс болды. Ақгүлімнің артында 15 жастағы ұлы мен екі жастағы қызы қалды. Ал Маржангүлдің үйлену тойы қайғылы оқиғадан екі күннен кейін өтуі тиіс болған.
Сот экс-полицейдің жол қозғалысы ережесін бұзып, екі адамның өліміне себеп болғанын дәлелді деп таныды. Оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, сондай мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сондай-ақ сотталған тарап қаза тапқандардың отбасына 15 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
Батыс Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліментше Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен Р.-ға қатысты қылмыстық істі қарап, оны ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен, яғни көлік басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекеті белгілерімен кінәлі деп тапты.
«2025 жылғы 23 қыркүйек сағат 11:40 шамасында Р. «CHEVROLET COBALT» маркалы автокөлігімен Орал қаласы М.Мәметова көшесімен жүріп келе жатып, жол жүрісі қағидалары талаптарын сақтамай, оларды өрескел бұзып, Ә.Кердері көшесі қиылысына жеткен кезде, қарсы бағытта «Toyota Mark» маркалы автокөлігі келе жатқанын анық көре тұра, менмендік көрсетіп, Ә.Кердері көшесіне солға бұрылып маневр жасау кезінде, М.Маметова көшесімен қарсы шығыс бағытқа келе жатқан А.-ның басқаруындағы «Toyota Mark» маркалы автокөлігіне жол бермей, салдарынан артқы оң жақ бөлігіне соқтығысып, жол - көлік оқиғасын жасаған», деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Нәтижесінде, бұл жол-көлік оқиғасынан, Р.-ның жолаушылары М. және А. әр түрлі дене жарақаттарымен облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілінгеніне қарамастан, кейін қайтыс болған
Мемлекеттік айыптаушы тағылған айыпты қолдап, Р.-ға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер М., Г. және Е. сотталушыға қатаң жаза тағайындауды және өздерінің пайдасына материалдық және моральдық залалды өндіруді сұрады. Сотталушы Р. өзіне тағылған айыппен толық келісіп, шын ниетпен өкінетінін айтып, әділ шешім қабылдауды сұрады.
«Сот үкімімен Р. өзіне тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды. Жаза тағайындау кезінде, сот және алқабилер, сотталушының іс-әрекетінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың барын, ал ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді. Сот, алқабилердің айыптау кесімін негізге алып, абайсызда жасалған ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін, сотталушы Р.-ға көлік басқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеуді белгіледі. Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары ішінара қанағаттандырылды», деп мәлімдеді баспасөз қызметі
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық