«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыздың видеосы дауға айналды
Фото: Бейнеден кадр
Алматыға келген ресейлік қыздың қағазбастылыққа қатысты ашулы видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Ол ЖСН мен банк картасын рәсімдеу кезіндегі қиындықтарға шағымданған, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде Алматыға келген ресейлік қыздың видеосы кеңінен тарап жатыр. Видеода ол Қазақстандағы құжат рәсімдеу жүйесіне ашық наразылық білдірген. Жұрттың наразылығын оның қызмет көрсету емес, «өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген сөзі тудырды.
Қыздың айтуынша, банк картасын ашу үшін алдымен ЖСН рәсімдеу қажет болған. Сол себепті бірнеше күн бойы ХҚКО мен банк арасында жүруге мәжбүр болғанын айтады. Видео барысында ол эмоцияға беріліп, бейәдеп сөздер де қолданған.
Алайда желідегі негізгі реакция бюрократияға емес, қыздың айтқан салыстыруына қатысты болды. Ол өзін «Ресейдегі өзбектей сезінгенін» айтып, көпшіліктің сынына қалды.
Пікір жазғандар Қазақстанда ЖСН алу — барлық шетел азаматтарына ортақ заң талабы екенін еске салды. Сонымен қатар, кей қолданушылар оның сөзінен өзге ұлтты төмендету мен менсінбеу байқалатынын айтты.
Қазір видео әлеуметтік желілерде тарап, шетелден келген азаматтардың жергілікті тәртіп пен мәдениетке көзқарасы туралы жаңа пікірталасқа себеп болды.
«Ақыры өзге елге келген екенсің сол елдің заңын құрметтеу керек», «Мәселе қағазбастылықта емес, адамның қарым-қатынасында» деген пікірлер желіде жиі жазылып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық