«Хабар» холдингін «Самұрық-Қазына» қаржыландырады
«Самұрық-Қазына» «Хабарды» қаржыландыруға нақты қанша қаржы бөлетіні әзірге белгісіз.
Open NPA порталында үкіметтің қаулысы пайда болды, оған сәйкес «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры «Хабар» Агенттігі» АҚ қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Түсіндірме жазбада бұл қаржыландыруға рұқсатты 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 22-2314 қаулысына сәйкес ел Президентінің беретіні көрсетілген. Мұнда шешімнің мақсаты да көрсетілген. Аталған жобаны іске асыру Агенттікке:
1) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру сапасына жағымды әсер ететін «Хабар» арнасының рейтингін арттыру;
2) А класындағы лицензияланған мазмұнды көрсету үшін жарнама берушілерді тиімді уақытта тарту арқылы коммерциялық кірісті арттыруға мүмкіндік береді.
Бірақ мәтінде қандай қаржы талқыланатыны айтылмаған. Құжатты талқылау 2023 жылдың 9 қаңтарына дейін жалғасады.
Айтпақшы, биыл «Хабар» агенттігіне 13,4 миллиард теңге, қазақстандық компанияға 24,1 миллиард теңге бөлінсе, қалған мемлекеттік аударым алушылар қалған 5 миллиард теңгені төртке бөліп алып, қанағат тұтқан. «Хабар» арнасынан көбірек қаржыны тек «Қазақстан» телеарнасы алды.

Жыл сайын «Хабар» арнасына мемлекеттік тапсырма 14–19 млрд теңге болады. Өткен жылы «Хабар» 33 412 сағаттық хабар таратумен 18,6 млрд теңгеге субсидия алған. Оның ішінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру және мектеп оқушыларына арналған телесабақтарды шығару бар. «Хабардың» бір сағаттық эфирінен бюджетке 555 мың теңге түседі екен.
Ағымдағы жылдың көктемінде кейбір БАҚ-тар «Хабар» агенттігіне жүргізілген тексеру нәтижесінде Есеп комитетінің бюджет қаражатын жымқыру бойынша 439 миллион теңгелік қаржылық бұзушылықтар, 1,5 миллиард теңгелік бюджеттік бұзушылықтар анықталғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Жаңалықтар
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
- Нұрайға қатысты «72 рет пышақ сұғар едім» деген пікір жазған адам анықталып, хаттама толтырылды
- «Байден құсап құлап қалмасын»: Невададағы Трамптың әзілі мемге айналды
- 100 миллион теңгеден астам ақша иемденген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Димаштың түрік тіліндегі жаң әні iTunes хит-парадтарында бірінші орында тұр
- Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 25 млн теңге өндіріп алмақ
- Медициналық сақтандыру бойынша 4,5 млрд теңгеге қатысты заңбұзушылық сотқа жолданды
- Еліміздің мектептерінде жасанды интеллект қалай оқытылады?
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді бақылау туралы келісімге келді
- Екі миллиард теңге несие алаяқтығы: ҰҚТ-ның 20-дан астам мүшесі сотталды
- Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіледі
- Өзбекстан алғашқы жерсерігін ұшырды
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?
- «ҚазАвтоЖол» жүргізушілер мен жолаушыларды дәретхана маңында тазалық сақтауға шақырды
- Ғалымдар кондиционерсіз бөлмені салқындататын материал жасады
- Тоқаевтың 30 жылдан бері айтқан ой-толғамдары бір кітапқа топтастырылды
- Ақтауда жасөспірімдер оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген