Димаштың түрік тіліндегі жаң әні iTunes хит-парадтарында бірінші орында тұр

cover Фото: Димаш Құдайбергеннің парақшасынан

Қазақтың әлемге танымал әншісі Димаш Құдайбергеннің жаңа авторлық әні бірқатар елде iTunes чартының көшін бастап тұр. Бұл туралы өнерпаз өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Orda.kz.       

Жақында Димаш өзі жазған әуенге түрік тілінде «Yazgı» атты жаңа әнін ұсынған болатын. Композиция тыңдармандардың көңілінен шығып, бірнеше елдің iTunes музыкалық чарттарында бірінші орынға көтерілді.

«Менің жаңа «Yazgı» әнім iTunes чарттарында бірінші орынға шықты. Венгрияда – №1. Румынияда – №1. Латвияда үздік үштіктің қатарында. Әрбір тыңдалым, әрбір сатып алу және әрбір жылы лебіз менің музыкамның әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандарға жетуіне көмектеседі. Сүйіспеншіліктеріңізге, сенімдеріңізге және тұрақты қолдауларыңызға рахмет. Бұл жетістік – бәріміздің ортақ еңбегіміз!» деп жазды Димаш.

Тыңдармандар мен әншінің жанкүйерлері жылы пікірлерін білдіріп, қуана құттықтап жатыр.

 «Сен өз еңбегіңнің арқасында барлық жақсылыққа лайықсың, сен ерекше адамсың, әнді жүрекпен айтасың», «Тамаша әніңе тәнтімін, Димаш», «Ән өте әдемі, бұл сыйың үшін рахмет», «Бұл әсем әнді Spotify мен YouTube-та тыңдап жүрмін! Рахмет!» деп жазып жатыр тыңдармандар. 

Қазақстанның халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген жаңа әлемдік концерттік турға дайындалып жатыр. Әншінің «DimashAli» шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің жаңа жеке концерттік туры басталатынын жариялаған болатын.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар