Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
Фото: Түркістан обылысы әкімдігі
Түркістан қаласындағы стадион – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін салынған үш нысанның бірі. Оның құрылысына шамамен 39 миллион АҚШ доллары жұмсалған, деп хабарлайды Orda.kz.
Негізі Алматыдағы «Орталық» стадионға 23 мыңнан астам көрермен сияды. Мұндағы көрермен қолдауы «Қайрат» командасына келесі кезеңге өтуге айтарлықтай көмек болар еді. Дегенмен ұйымдастырушылар Алматыдағы Орталық стадионды Канье Уэсттің концерті үшін босатып берді.
Алдымен «Қайрат» ФК Алматыдағы Орталық стадионда Канье Уэсттің концерті өтеді деген ақпаратты жоққа шығарды. Қайрат футбол клубының баспасөз қызметі америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті 14 тамызда Алматыдағы Орталық стадион алаңында өтеді деген ақпараттың келісілмегенін мәлімдеді.
Артынша өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсететіні белгілі болды. Сонымен алматылық «Қайрат» футбол клубы еурокубоктардың үшінші іріктеу кезеңіндегі өз алаңындағы матчын Түркістанда өткізетін болып шешті.
«Түркістан Арена» стадионы толық техникалық дайындықта. Сыйымдылығы – 7 мың орын. Нысанда барлық қызметтердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету үшін арнайы ұйымдастыру штабы құрылған. Барлық инженерлік-техникалық жүйелердің жұмысы тексерілді: дыбыс жүйесі, бейнебақылау және өртке қарсы жабдықтар. УЕФА талаптарына сәйкес бейнетөреші жүйесін енгізу мақсатында заманауи қолжетімділікті бақылау жүйесі орнатылып, қосалқы электрмен жабдықтау қамтамасыз етілді», деп хабарлады Түркістан облысының әкімдігі.
Енді Түркістан да артылған сенімді ақтау үшін тарихи матчқа жанталаса дайындалып жатыр.
Стадион 2020 жылы пайдалануға берілгеннен бері мұнда өткен ең мәртебелі кездесу 2026 жылдың наурызында Қазақстан жастар құрамасының Словакияға қарсы Еуропа чемпионатына іріктеу ойыны болды. Бұған дейін қалада еурокубок ойындары, әсіресе Чемпиондар лигасы матчтары өткізілмеген екен.
«Матч өтетін кезеңде полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаменті күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдайды. Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынады. Стадион маңында және қаланың негізгі жолдарында көлік қозғалысы реттеледі. Тыйым салынған заттарды (шыны және пластик бөтелкелер, үшкір әрі кесетін бұйымдар) алып кіруге және психотроптық заттарды пайдалануға жол бермеу үшін алдын алу шаралары жүргізілуде. Стадион аумағында және оған жақын жерде өрт сөндіру бөлімшелері мен жедел жәрдем бригадалары тәулік бойы кезекшілік атқарады. Матч аяқталғаннан кейін тұрғындар мен қонақтардың ыңғайы үшін қосымша автобустар бөлінеді», деп мәлімдеді әкімдік.
Сонымен қатар, Түркістанда Болгариядан келетін шетелдік жанкүйерлерге байланысты ерекше шаралар қарастырылыпты.
«Ресми делегациялар, қатысушы командалар және шетелдік жанкүйерлерді қабылдауға дайындық аясында арнайы өзара іс-қимыл тәртібі әзірленді. Полиция органдарымен бірлесіп, футбол клубтары мен төрешілер бригадасын әуежайдан қонақүйлер мен стадионға дейін қауіпсіз алып жүру ұйымдастырылады. Қақтығыстардың алдын алу үшін жанкүйерлер ағыны қатаң түрде бөлініп, стадионда бөлек секторларға орналастырылады. Билеттерді сату мен жанкүйерлерді секторларға бөлу жұмыстарын «Қайрат» футбол клубы жүзеге асырады. Ресми фан-клубтар қызметі құқық қорғау органдарының қатаң бақылауында болады, ал спорт кешені аумағында экстремизм мен заңсыз үгіт-насихаттың кез келген көрінісіне жол берілмейді», деп атап өтті әкімдік.
Еске салайық, алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің үшінші раунды аясындағы «Левскиге» (Болгария) қарсы жауапты матчты өз алаңында емес, Түркістан қаласында өткізеді. Кездесу 11 тамызға жоспарланған.
Бұл шешім футбол жанкүйерлері арасында қызу талқыланып жатыр. Әдетте «Қайрат» өз ойындарын Алматыдағы Орталық стадионда өткізеді. Алайда алдағы маңызды матч Түркістандағы «Түркістан Аренада» өтетін болып шешіліп қойды.
Айта кетейік, бұл ойын екі команда үшін де аса маңызды. Алғашқы кездесуде алматылық клуб 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Сондықтан қарымта матчта «Қайратқа» келесі кезеңге өту үшін тек жеңіс қажет.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
- Нұрайға қатысты «72 рет пышақ сұғар едім» деген пікір жазған адам анықталып, хаттама толтырылды
- «Байден құсап құлап қалмасын»: Невададағы Трамптың әзілі мемге айналды
- 100 миллион теңгеден астам ақша иемденген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Димаштың түрік тіліндегі жаң әні iTunes хит-парадтарында бірінші орында тұр
- Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 25 млн теңге өндіріп алмақ
- Медициналық сақтандыру бойынша 4,5 млрд теңгеге қатысты заңбұзушылық сотқа жолданды
- Еліміздің мектептерінде жасанды интеллект қалай оқытылады?
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді бақылау туралы келісімге келді
- Екі миллиард теңге несие алаяқтығы: ҰҚТ-ның 20-дан астам мүшесі сотталды
- Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіледі
- Өзбекстан алғашқы жерсерігін ұшырды
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?
- «ҚазАвтоЖол» жүргізушілер мен жолаушыларды дәретхана маңында тазалық сақтауға шақырды
- Ғалымдар кондиционерсіз бөлмені салқындататын материал жасады
- Тоқаевтың 30 жылдан бері айтқан ой-толғамдары бір кітапқа топтастырылды
- Ақтауда жасөспірімдер оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген
- Айыппұл арқалаған миссионер Дарын Мубаровтың сұхбатына құқықтық баға беріледі