Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
Фото: Orda.kz
Алматыда ақылы автотұрақтарға, көліктерді эвакуациялауға және самокаттарды қою тәртібіне қатысты жаңа ережелер енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Енді жүргізушілерге бес минут тегін уақыт беріледі, төлемді түн ортасына дейін аударуға болады, ал эвакуация процесі толық бейнетаспаға жазылады.
Қала көшелерінде тағы қандай өзгерістер болатынын таратып айтайық.
Нөмірді жасыруға болмайды. Жаңа талаптарға сәйкес, мемлекеттік нөмірі оқылмайтын көлікті тұраққа қалдыруға тыйым салынады. Нөмірді әдейі жабу, бірдеңе жапсыру немесе жай ғана көрінбейтіндей былғанса бұның бәрі ереже бұзу болып саналады. Бұл шара төлемнен жалтарып, айыппұлдан қашатын жүргізушілерге қатысты.
Тұрақ алдына тоқтағаннан бастап уақыт есептеледі. Енді автотұрақ уақыты бұрынғыдай төлем жасаған кезден емес, көлік тоқтаған сәттен бастап есептеледі. Жүргізушілер тұрақ ақысын алдын ала немесе тұрақтан кейін, бірақ сол күнгі 23:59-ға дейін төлеуі тиіс.
Бес минут тегін. Көшедегі автотұрақтарда алғашқы бес минут тегін, оның өзі жолаушы түсіру немесе жүк түсіру үшін ғана беріледі. Алайда көлік ұзақ тұрса, төлем бірінші минуттан бастап толық есептеледі. Ал жабық, жерасты және көпқабатты тұрақтарда төленген уақыттан кейін шығып кетуге қосымша он минут беріледі.
Қауіпсіз эвакуация. Көлікті эвакуациялау алдында қызметкерлер міндетті түрде тексеру актісін толтырып, оның сыртқы жағдайын тіркейді. Эвакуацияның барлық кезеңі, яғни тиеуден бастап айыптұраққа жеткізгенге дейін фото және бейнежазбаға түсіріледі. Бұл жазбалар кемінде үш ай сақталады. Эвакуаторлар камералармен жабдықталып, қызметкерлер бейнетіркеу құрылғыларын пайдаланады.
Көлігің орнында жоқ болса. Егер көлік жол тазалауға немесе төтенше жағдайды жоюға кедергі келтірсе, оны міндетті түрде айыптұраққа әкетпейді. Кей жағдайда жақын маңдағы бос орынға жылжытып, иесіне диспетчер арқылы хабар беріледі.
Самокатқа арнайы орын. Электросамокаттарға арналған арнайы тұрақ орындары белгіленеді. Оларды тек белгіленген аумаққа қоюға рұқсат етіледі. Ережеге сай қойылмаған самокаттарды арнайы тұрақтарға алып кетеді. Жеке самокат иелері бұл орындарды тегін пайдалана алады.
Жөнделіп жатқан жолға көлік қоймаңыз. Әкімдік белгілі бір аумақтарда уақытша тұраққа тыйым салуға құқылы болады. Бұл жөндеу жұмыстары, құрылыс, тазалау, төтенше жағдайлар немесе бұқаралық іс-шаралар кезінде болады.
Арнайы режим. Қыс мезгілінде коммуналдық қызмет жұмысына кедергі келтірмеу үшін арнайы режим қолданылуы мүмкін. Мұндай шектеулер туралы тұрғындарға кемінде бір күн бұрын ескертіледі. Тек қатты қар жауу немесе сел сияқты төтенше жағдайларда ғана алдын ала хабарланбауы мүмкін.
Бұған дейін Алматыда тұрғындарға үй маңындағы ақылы автотұрақтарды тегін пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатқаны хабарланған. Жаңа жобаға сәйкес, «тұрғын абонементі» енгізіледі. Оның иелері тұрғылықты жерінен 500 метр аумақта орналасқан коммуналдық автотұрақтарға көлігін тегін қоя алады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық