Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
Фото: Pexels
Ақтөбеде 12 жастағы қызды электровелосипед мінген ер адам қағып кетіп, ауыр жарақаттады. Оқиғадан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Orda.kz
«Диапазон» басылымының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 30 шілде күні Сазды ауданында болған. Зардап шеккен қыздың анасы Светлана Антомонованың айтуынша, қызы сол күні велосипедпен жалғыз серуендеуге шыққан. Біраз уақыттан кейін ол анасына бейнеқоңырау шалған.
«Бетінің бәрі қан. Алғашында мұрнынан қан кеткен шығар деп ойладым. Ал ол маған: "Анашым, көзілдірігімнің линзасын сызып алдым", – деді. Қатты шошып қалғандықтан, ауырғанын да сезбеген», – дейді анасы.
Кейін белгілі болғандай, 58 жастағы ер адам электровелосипедпен жоғары жылдамдықпен келіп, қызды қағып кеткен. Соққыдан кейін қыз өз велосипедіне соғылып, бетімен рөлге соғылған.
Салдарынан оның жақ сүйегі сынып, ерні жыртылған, алдыңғы үш тісі түсіп қалған, төртінші тісінің тек түбірі ғана қалған. Қызыл иегіне де тігіс салуға тура келген. Сол күні кешке оған шұғыл ота жасалды.
Анасының айтуынша, енді қызды ұзақ әрі қымбат ем күтіп тұр. Тұрақты тістерін қалпына келтіру мүмкін емес. Алдымен уақытша протез салып, қызыл иегін қалпына келтіріп, кейін тұрақты протездеу қажет болады. Жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған. Полицейлер оны келесі күні тауып, ұстаған. Қазір ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
Зардап шеккен қыздың анасының сөзінше, жүргізуші әзірге отбасымен байланысқа шықпаған және емдеу шығындарын өтеуді ұсынбаған. Қазіргі уақытта отбасы әлеуметтік желілер арқылы қыздың ем-домына қаражат жинауды бастаған.
Оқи отырыңыз:
Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 25 млн теңге өндіріп алмақ
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық