Екі миллиард теңге несие алаяқтығы: ҰҚТ-ның 20-дан астам мүшесі сотталды
Фото: istockphoto.com
Ақмола облысында сот шамамен екі миллиард теңгеге заңсыз несие рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топтың 21 мүшесіне үкім шығарды. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасап Orda.kz хабарлайды.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында айыпталушылар азаматтардың жеке деректерін пайдаланып, оларды алдау арқылы екінші деңгейлі банктер мен микрокаржы ұйымдарында несие рәсімдегені анықталған.
«Сот 21 айыпталушының барлығын аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оларға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүліктерді тәркіледі», деп хабарлады прокуратура.
Бұдан бөлек, мемлекет кірісіне Алматы қаласындағы бірнеше пәтер мен Lexus LX 570, Toyota Land Cruiser 200, Toyota Camry және басқа да көліктер тәркіленді.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін жылдар бойы әйелдерді алдап жүрген азаматтың әрекеті әшкере болды. Orda.kz редакциясына Тамара, Надежда және Нұржамал атты үш қыз келді. Үшеуін де бір адам үптеп кеткен, олар «Исхаров бізбен танысты, қарым-қатынас, неке, бірлескен бизнес уәде етіп, сосын сан соқтырып, ақшаны алып тайып тұрды» дегенін мына жерден оқыңыз.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық