Германия экс-прокурор Дүйсеновті Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты
Коллаж: Orda.kz
Германия соты қазақстандық тергеу органдарынан бой тасалап жүрген бұрынғы прокурор Мақсат Дүйсеновті босатты, деп хабарлайды Orda.kz AGRA құқық қорғау ұйымына сілтеме жасап.
Сот Дүйсеновке қатысты қудалау саяси себептерге байланысты болуы мүмкін деген қорытындыға келген. Қазіргі таңда ол бостандықта. AGRA өкілдерінің нақтылауынша, Қазақстанның оны экстрадициялау жөніндегі сұрауы ресми түрде күшін жойған.
Бұған дейін Германияда экс-прокурор саяси баспана беру туралы өтініш берген. Қазақстан тарапынан экстрадиция сұратуға негіз болған қылмыстық іс аясында Дүйсенов 22 миллион АҚШ доллары көлемінде пара алу, қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру және алаяқтық баптары бойынша айыпталған.
Қорғау тарапының айтуынша, бұл іс қоғамда кең резонанс тудырған, ал сот процесі сыртқы қысыммен қатар жүрген.
«Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарында, билікке жақын әрі оппозициялық та медиада, Дүйсеновке қатысты аса жағымсыз сипаттағы материалдар жарияланды. Бұл ақпараттық науқанның ауқымы мен бір мезгілде жүргізілуі қорғау үшін маңызды дәлел болды және соттан тыс қысымның бар екенін көрсетті», деп атап өтті AGRA.
Қазақстан билігі экс-прокурорды экстрадициялауға қатысты талаптарын жалғастыра ма, жоқ па — әзірге белгісіз.
Еске сала кетейік, Дүйсеновті Қазақстанның сұрауы бойынша Интерпол Германия аумағында ұстаған. Ол елден атышулы «Қорғас ісі» бойынша тергеу басталғаннан кейін кеткен. Бұл іс аясында экс-прокурор негізгі куәгерлердің бірі болған.
Мақсат Дүйсенов Қайрат Қожамжаров командасымен тығыз байланыста болған. Қожамжаровқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және қылмыстық жолмен алынған қаражатты жылыстату айыптары тағылған. Оның басшылығы кезінде Дүйсенов жоғары лауазымды қызмет атқарып, бастығы сенатқа кеткенге дейін бірқатар резонансты істерге қатысқан.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
- Германияға қашқан прокурор Дүйсеновтің қолында қандай маңызды дерек бар?
- Қазақстанның бұрынғы Бас көлік прокурорына іздеу жарияланды
- «Қожамжаровтың адамы»: Бұрынғы бас көлік прокуроры Германияда ұсталды
- Бас прокуратура Қайрат Қожамжаровтың қайда екенін білмейді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық