Германияға қашқан прокурор Дүйсеновтің қолында қандай маңызды дерек бар?
Коллаж: Orda.kz
Қайрат Қожамжаровтың серігі — бұрынғы прокурор Мақсат Дүйсенов Германиядан саяси баспана сұраған. Неміс билігі мардымды дерек берудің орнына істің құпия екенін алға тартады. Дегенмен Orda.kz-ке Мақсат Дүйсеновтің қолында Қазақстандағы беделді тұлғаларға әсер ететін деректер болуы мүмкін деген ақпарат түсті.
Әуелі Қазақстан құқық қорғау органдары Дүйсеновті Фюрт (Германия) қаласында ұстады деп хабарлаған еді. Шындығында жағдай басқаша болып шықты. Transparency International Deutschland e.V. ұйымының (жемқорлықпен күрес) мүшесі Әсел Темірова Orda.kz-ке істің біраз жайын ашып берді.
Экстрадиция жасап, прокурорды елге әкелу мүмкін бе?
Әсел Темірова Дүйсеновтің шын мәнінде Германиядан баспана сұрап жатқанын және қазір қамауда екенін мәлімдеді.
«Бұл — кәдімгі рәсім. Баспана сұрағандардың барлығы Германияда тіркеледі. Сондықтан іздеуде тұрған адамды табу оңай», — деп түсіндірді ол.
Экстрадиция мәселесі әзірге тоқтатылған. Бұрынғы прокурордың әрі қарайғы тағдырын Бавария федералды өңірінің жоғарғы соты (Oberlandesgericht) шешеді.
«Босату жайлы ұйғарым неміс соттары қабылдайтын шешімдерге байланысты болады. Қазір оның мүддесін екі бағыт бойынша адвокаттар қорғайды. Бірі — экстрадициялық тәртіп, екіншісі — баспана беру шеңберінде болады», — деді ол.
Transparency International өкілі сондай-ақ Дүйсеновпен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты.
«Сапардың мақсатын ашып айта алмаймын. Ол халықаралық жемқорлыққа қарсы тергеулер үшін құнды мәліметтерге қатысты. Біз Дүйсеновтің қатысы бар маңызды ақпараттары бар деп санаймыз», — дей келе ол неміс прокурорынан келген хатты қоса жіберді.
Германия билігі не дейді?
Біз неміс ведомстволарына сауал жолдап, ресми жауаптар алдық.
Федералдық қылмыстық полиция басқармасы (Bundespolizei) сыпайы түрде пікір беруден бас тартып, қазақстандық қашқын жайлы деректерді ашпады.
Германия әділет министрлігі экстрадиция жайлы іс құпиясы болғандықтан жарияланбайтынын еске салды.
«Экстрадицияға қатысты сауалдардың егжей-тегжейін ашып айта алмаймыз. Бұл — қылмыстық істерде халықаралық ынтымақтастық қағидаттарына байланысты іс. Мұнда құпия сақтау маңызды. Мұндай жағдайда тергеу мен әділет мүдделері қоғам мүддесінен жоғары қойылады», — деп жауап берді Федералды әділет министрлігінің баспасөз хатшысының орынбасары.
Бас прокуратурадан да қысқа жауап келді.
Біз бұған дейін Мақсат Дүйсеновтің ашық үндеу жасағанын жазған едік. ARGA құқық қорғау арнасына берген сұхбатында ол Хоргос ісі, ҰҚК басшылығы және Қайрат Қожамжаров туралы айтты.
Дүйсеновтің үндеуі Қазақстан билігін уайымға салды. Құқық қорғау органдары YouTube-тағы видеоны бұғаттауға тырысып жатыр.
Енді қашып кеткен прокурордың тағдыры Германия шешіміне тәуелді. Егер оған баспана берілсе, экстрадициямен елге әкелмейді. Әзірге Қазақстан қашқын прокурорды қайтару үшін барлық дипломатиялық, елшілік және тіпті Еуропа арнауларын пайдаланып жатыр. Алайда әзірге нәтиже жоқ.
Авторы: Зарина Файзуллина
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық