Елден қашып кеткен прокурор Дүйсенов Германиядан саяси баспана сұрағалы жатыр
Коллаж: Orda.kz
Қайрат Қожамжаровтың серігі Мақсат Дүйсенов Германиядан саяси баспана сұрағалы жатыр. Ал Қазақстан билігі оны экстрадициялауды талап етті. Осындай қымқуыт кезеңде ол ел алдына шықты. Елден қашып кеткен прокурор өзін «Хоргос ісінде» жала жабылған тұлға деп санайды, деп жазады Orda.kz.
Жақында Интерпол арқылы оны Германияның Фюрте қаласында ұстағаны туралы ақпарат тараған еді. Біз осы ақпаратты тексеріп көрдік.
Оған бірнеше қылмыстық бап бойынша айып тағылып отыр. Олар: «қылмыстық кірістерді заңдастыру», «алаяқтық», «пара алу» деген айыптар.
Біздің дереккөздеріміздің айтуынша, ол Германиядан баспана сұрамақ. Демек, оның экстрадициялануы тоқтатылған болып тұр.
«Оны туған жерге қайтару процесі тоқтатылды. Қазақстан барлық байланыстарын, елшіліктен бастап еуропалық арналарға дейін бар таныстарын жұмылдыра бастады. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Олар оны қылмыскер екенін дәлелдегісі келеді», — дейді Orda.kz дереккөзі.
Билікті ызаға булықтырған үндеу
Ол ARGA (құқық қорғау ұйымы) арнасына сұхбат берген еді. Бұрынғы прокурор 2019 жылғы билік транзитіндегі жасырын ойындары туралы әңгімеледі.
Дүйсеновтің айтуынша, сол кездегі Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қожамжаров пен оның командасы туралы жемқорлық жөніндегі жалған анықтамалар дайындаған.
Оның бірінде бас прокурордың органдарда 200 адал адамы бар екені және Дүйсеновтің ресейлік және түрік қылмыскерлерімен байланысы бар екені айтылады.
«Олар оны мынадай негізге сүйеніп сөз сөйлеп отыр: бас прокурор қызметінде қала берсе, жаңа билікке кедергі келтіруі мүмкін. Сендіріп, көндіргеннен кейін Қазақстан Республикасының бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өкілеттігін тапсырған күні Қайрат Қожамжаровты қызметтен босатып, депутат-сенатор етіп тағайындады. Сол күндерде ҰҚК басшылығы Назарбаевтың атына прокурор мен оның командасы жемқорлыққа белшесінен батқандығы туралы өз қиялдарынан шығарғанды жазып анықтама тапсырған», — дейді Дүйсенов.
Сұхбат Қазақстан билігін ызаға булықтырды. Құқық қорғау органдары енді сол ютубтегі роликті өшіруді талап етіп жатыр.
Дүйсенов өзін мәжбүрлегендерін айтады. Оның сөзінше, прокуратурадағылар тінту мен ұстап әкетуді әдетке айналған.
«Сондықтан мен көп ойланбастан, заттарымды жинап, шетелге ұшып кеттім. Дубайға бардым, отбасым сонда тұрған еді. Ал сол уақытта «Мақсат Дүйсенов бас көлік прокуроры болған. Ол ұсталды» деген хабарламалар тарады. Талғат Татубаев маған қоңырау шалып: «Мәке, бәрі дұрыс па? Мен кімдерге жала жабатындарын білемін. Ұлттық қауіпсіздік комитеті сөз жүзінде ғана «дос» болып тұр. Олардың қолында расталған мәліметтері жоқ», — деді ол.
«Хоргос ісі» туралы
Бірнеше жыл шетелде болғаннан кейін Дүйсенов елге оралуға талпыныс жасаған. Бұған жоғары деңгейдегі келіссөздер әсер етті. Қайрат Қожамжаров сол кездегі ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовтен: «Дүйсеновке қатысты қандай да бір айып бар ма?» деп тікелей сұраған. Мәсімов «жоқ» деген.
Содан кейін «Хоргос ісі» басталды. «Хоргос» — Қазақстан мен Қытай шекарасындағы ірі сауда орны. Осы жерде 2010-жылдардың басында кедендік контрабанда анықталған. Тергеу нұсқасы бойынша, шенеуніктер мен құқық қорғау органдары жүк тасымалдауларын бірнеше жыл бойы «қамдап», миллиондаған доллар көлемінде пара алып отырған. Қаржы полициясының бірнеше офицері сотқа тартылды.
«Олардың арасында арнайы департаменттер мен бөлім басшылары, қаржы полициясының тергеушілері, Талғат Татубаев, Бауыржан Мұжықов, Қазбек Марданов, Дулат Мадияров, Қуандық Бесен, Әріп Жандос, Кенжебай Жұмабеков, Даурен Есенбеков, Талғат Махатов бар. Содан кейін маған және Қайрат Қожамжаровқа да қылмыстық іс қозғалды», — деп тізіп айтып берді Дүйсенов.
Ал Дүйсеновке қатысты қылмыстық істің егжей-тегжейіне келсек, оның айтуынша, 2024 жылдан бері ведомстволар аралық шұғыл-тергеу тобы қаржы полициясы қызметкерлерінің пара алу фактілерін тексеріп жатыр. Материалдарда бұрынғы ҰҚК қызметкері Ерлан Әбдірахманов (қазір сотталған) көрсетілген.
«2012 жылы сол кісі мен менің әріптесім Махатовқа қарсы «Хоргос» кеденінде «жемқорлық жасады» деп арызданған. 2012 жылғы 20 сәуірде арнайы прокурор істі қозғаудан бас тартқан. Қылмыс құрамы табылған жоқ. Содан кейін қаржы полициясынан қызметтен босатылғаннан кейін прокуратура, ҰҚК, ІІМ және қаржы полициясы тарапынан мені қыспаққа ала бастады. Барлығын тексерді. Отбасымды, ағайын-туыстарымды. Бірақ дәлел табылмады, қылмыстық іс қозғалған жоқ», — дейді ол.
2025 жылғы 20 қаңтарда ведомстволар аралық шұғыл-тергеу тобы бұл эпизодты қайта көтеріп, прокуратурадан 2012 жылғы бас тарту туралы қаулыны жоюды сұраған. 2025 жылғы 23 қаңтарда Алматының бас прокурорының орынбасары Асхат Шәріпов сол шешімді жойған.
«Бірақ сұрақ туындайды. Егер Әбдірахмановтың арызы бойынша бас тарту материалдары сақтау мерзімінің өтуіне байланысты ерте жойылып кеткен болса, ол мұны қалай жасады? Дегенмен, 2025 жылдың жазында маған және ағама қарсы қылмыстық кірістерді заңдастыру бойынша жаңа іс қозғалды. 5 шілдеде мен күдікке ілінді деп танылдым. 6 шілдеде ағам қамауға алынды, ал 14 шілдеде мені іздеуде деп жариялады».
Осы жылдың тамызында сот Мақсат Дүйсеновті сырттай қамауға алды.
Енді елден қашып кеткен прокурордың тағдыры Германия билігінің шешіміне байланысты. Егер баспана берілсе, оны Қазақстанға экстрадициямен қайтару мүмкін емес.
Авторлар: Даниэль Артуров, Анастасия Прилепская, Зарина Файзулина
Жаңалықтар
- Тоқаев Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Алматыдағы сел қаупі: Ақсай өзенінен 100 тонна қоқыс шығарылды
- Алматы хайуанаттар бағында 20 жылда алғаш рет жанаттың үш баласы дүниеге келді
- ӘЧ-2026 рекорды: Ең ұзақ уақыт бойы гол жібермеген қақпашы
- Белуджистанда автобус апатынан 40 адам қаза тауып, сегізі жарақат алды
- Бұрынғы депутат бюджеттің 2,6 миллиард субсидиясын жымқырып, 170 миллионды казинода шашқан
- «Төлемесең — масқараңды шығарамын»: Шымкентте мемлекеттік қызметкерлерді бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды
- Залал көлемі 72 миллиард теңге: Екі мыңнан астам лауазымды тұлға жауапқа тартылды
- «75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиев пен жақтастарына сот үкімі шықты
- Жаһандық аптап: Әлемдегі мұхит сулары да қатты ысып жатыр
- Франция жұрты кондиционерге таласып, жаппай төбелесіп, дүкендерге басып кіріп жатыр
- Тоқаев AD Ports Group басшысымен Каспий өңірінің транзиттік әлеуетін кеңейту мәселесін талқылады
- Қырғызстан Қазақстаннан жанармай жеткізуге қолдау көрсетуді сұрады
- Екі қалада ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері сотталды
- Үйдің іргетасы ауада ілініп тұр: Қарасай ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды
- «Tarlan Astana» болып өзгертілген LRT–да өрт шықты
- Түркістанда сұмдық жол апаты болып, полиция капитаны қаза тапты
- Ақтөбеде ер адамды бірнеше сағат бойы ұрып-соғып, көлігін біреудің атына рәсімдеуді талап еткен
- Қытайда Tesla Model Y өртеніп кетті: Li Auto жүргізушісі көлік иесін ажалдан арашалап қалды
- ҰҚК шекарашылары бір айда заң бұзған бес мыңнан астам адамды ұстады