Ералы Тоғжановтың інісі қарамағындағыларға балағат сөздер айтқаны үшін жазаланбайды
Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжановқа қатысты қарамағындағы қызметкерлерге балағат сөздер айтқаны жөніндегі тәртіптік іс жазаны қолдану мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі хабарлады.
Анықталғандай, Марат Тоғжанов қарамағындағыларды жарты сағат бойы балағат сөздермен ұрысқан жиын 3 сәуірде болған.
Агенттік оны «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 45-бабына сәйкес тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей тағайындалады деп түсіндірді.
«М.Тоғжановтың еңбекке уақытша жарамсыздығы және теріс қылық анықталған кезде демалыста болған кезеңдерін ескере отырып, тәртіптік жауапкершілікке тартудың мерзімі өтіп кетті» деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.
Марат Тоғжановтың ағасы бұрынғы вице-премьер болған, қазіргі Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Жаңалықтар
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
- Нұрайға қатысты «72 рет пышақ сұғар едім» деген пікір жазған адам анықталып, хаттама толтырылды
- «Байден құсап құлап қалмасын»: Невададағы Трамптың әзілі мемге айналды
- 100 миллион теңгеден астам ақша иемденген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Димаштың түрік тіліндегі жаң әні iTunes хит-парадтарында бірінші орында тұр
- Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 25 млн теңге өндіріп алмақ
- Медициналық сақтандыру бойынша 4,5 млрд теңгеге қатысты заңбұзушылық сотқа жолданды
- Еліміздің мектептерінде жасанды интеллект қалай оқытылады?
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді бақылау туралы келісімге келді
- Екі миллиард теңге несие алаяқтығы: ҰҚТ-ның 20-дан астам мүшесі сотталды
- Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіледі
- Өзбекстан алғашқы жерсерігін ұшырды
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?
- «ҚазАвтоЖол» жүргізушілер мен жолаушыларды дәретхана маңында тазалық сақтауға шақырды
- Ғалымдар кондиционерсіз бөлмені салқындататын материал жасады
- Тоқаевтың 30 жылдан бері айтқан ой-толғамдары бір кітапқа топтастырылды
- Ақтауда жасөспірімдер оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген