Бүгінгі қорытынды жаңалықтар
Алматы, 17 ақпан - ORDA редакциясы. Әлемде және Қазақстанда болған бүгінгі маңызды жаңалықтарға қысқа шолу.
- Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті.
- Джефф Безос қайтадан әлемдегі ең бай адам атанды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Безостың байлығы 191 миллиард долларды құрады.
- Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтың мәліметінше, Президент тапсырмасы бойынша 2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы деп жарияланды.
- Қазақстанда тек бір ғана облыс қызыл аймақта қалды. 17 ақпандағы бағалау матрицасы бойынша Қазақстанда тек Павлодар облысы ғана «қызыл» аймақта тұр.
- Tengri Bank-тің бұрынғы басшысы Ержан Шәйкенов ұсталды. 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес Tengri Bank-тың бұрынғы төрағасы Шәйкеновті ұстады.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Total концернінің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің президенті Арно Брейякты қабылдады.
- Маңғыстауда блогер репост жасағаны үшін сотталды. 17 ақпанда Ақтауда жала жапты деп блогер Айгүл Ақбердіге қатысты сот отырысы өтті.
- Таразда Қордайдағы қақтығысқа қатысты сот процесі әлі жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды оперативті білемін деушілерге ORDA редакциясының Telegram арнасын ұсынамыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық