2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы
Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтың мәліметінше, Президент тапсырмасы бойынша 2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы деп жарияланды.
«Елімізде 11 мыңға жуық кітапхана жұмыс істейді. Оның 4 мыңға жуығы Мәдениет және спорт министрлігіне қарайды. Сондай-ақ, үшеуі республикалық мәртебеге ие. Олар – Алматыдағы Ұлттық кітапхана, елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана және Зағип жандарға арналған республикалық кітапхана. 300-ге жуығы – балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханалар», – деді Нұрғиса Дәуешов.
Мәдениет және спорт министрлігі биылғы жылға «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» жалпыұлттық акциясын өткізуді ұсынды. Мақсаты – шығармашылық интеллигенция өкілдерін, танымал тұлғалар мен қайраткерлерді, жастарды тарта отырып, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу белсенділігі мен мәдениетін арттыруға бағытталған түрлі шаралар өткізу.
Сонымен қатар, кітап оқу марафоны, челлендж, флешмоб, book dating жазғы лагері, дөңгелек үстел, театрландырылған қойылым, кітапханаларға кітап сыйға тарту және өзге де шаралар ұйымдастыру ұсынылып отыр.
Еліміздегі кітапханалардың жиынтық электрондық каталогын іске қосу жоспарлануда.
2018 жылмен салыстырғанда коворкинг орталықтардың жұмыстары 2,5 есеге артқан. Қазіргі таңда республика бойынша ресми ашылған коворкинг орталықтар саны 401-ге жетіп отыр.
Ол дәстүрлі кітапхана қызметімен қатар, Ұлттық электрондық кітапхана жұмысы жетілдіріліп жатқанына тоқталды.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 2 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңына қол қойды. Бұл заңға электрондық кітапхана бойынша бірқатар өзгеріс пен толықтыру енгізілді. Бүгінде министрлік заң аясында Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын іске қосу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр», – деп түсіндірді вице-министр.
Елімізде Бірыңғай электрондық оқырман билетін қолданысқа енгізудің нормативтік тәртібі айқындалып жатыр.
«Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханадағы электрондық кітапхананың қорында 60 мыңға жуық материал сақталған. Бұл жоба бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Елімізде 200 мыңнан аса оқырман электронды кітапханалардың қызметіне жүгініп отыр», – деді Нұрғиса Дәуешов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық