Атышулы Талғар ауданының полиция бастығы ауысты
Фото: Талғар аудандық полиция басқармасы
Атышулы Талғарда 16 жасар Шерзаттың өлімінен соң шенеуніктер бірінен кейін бірі ауысқан болатын. Осы жолы Талғар ауданы полиция бастығы ауысты. Бұл лауазымды подполковник Айдар Омаров иеленді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның алдында осы қызметте болған Нұржан Күнтунов Шерзаттың өлімінен кейін қызметінен босатылған еді.
Талғар ауданы полиция басқармасы бастығы міндетін атқарушының тағайындалғаны туралы басқарманың Instagram парақшасында жарияланды.
Бұған дейін Омаров Алматы облысы Балқаш ауданы полиция бөлімін басқарған.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубай Нұрымов, ұлы Шерзат Полат және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат Полат қаза болды.
Бұл оқиғадан соң әкесі әділ сот талап етіп, жақындарымен және бір топ адаммен Талғарда көшеге шығып, жолды жауып тастаған болатын.
Осыдан кейін әкесі өзіне біреулердің қоқан-лоққы жасап жатқанын айтты. Кейін олардың үйі өртенді.
Шерзаттың өлімінен кейін, 15 қазанда Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болып отырған Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды.
Дәл осы күні15 қазан Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Сағындық Матан қызметінен босатылғаны белгілі болды.
Бұған дейін ІІМ мәлімдемесінде «хуторлықтар» жайлы сөзді жоққа шығарып, елімізде ешқандай қылмыстық топ жоқ екенін айтқан еді. Тергеу ісі жайлы толығырақ мына сілтемеден оқыңыз.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған бар оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Еске сала кетейік, бұл шудан соң күдікті ретінде кейінірек ұсталғандардың бірінің анасы Қазакенова Лейла бейнеүндеу жасап, баласының оқиға орнында болмағанын айтты. Оның айтуынша БАҚ-та тараған 13 адам деген сөзге бола, адам санын толтыру үшін оның баласы мен досын ұстап әкеткен.
Еске сала кетсек, Хасан Қасымбаев Orda.kz тілшісіне сұхбат беріп, өзінің ешқандай қылмыстық ұйымға қатысы жоқ екенін айтқан болатын.
Ал 4 қарашада Алматы облысының құқық қорғау органдары күтпеген операция жүргізіп, Талғардағы атышулы Хасан Қасымбаевты 2021 жылы жасаған қылмысы үшін қамауға алды.
Ал марқұм Шерзаттың ата-анасы енді іс бұрмаланып кетеді деп алаңдап, ашық сот өткізуді талап етіп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық