Атыраудағы қырылған отбасы: Күдіктінің жұбайы қылмысқа қатысы жоқ деп танылды
Фото: Әлеуметтік желіден
Атырау облысындағы Жангелдин ауылында болған отбасы өлімі ісі бойынша басты күдіктінің жұбайы қылмысқа қатысы жоқ деп танылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Атырау облысының прокуратурасы хабарлады.
Дегенмен Ақбаян Мұқанғалиеваға «Қылмыс туралы хабарламау» бабы бойынша айып тағылуы мүмкін. Түпкілікті процессуалдық шешім тергеу қорытындысы бойынша қабылданады.
Прокуратура өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
29 мамырдағы Атырауда бүкіл бір отбасын, оның үстіне өзінің қайын жұртын қырып тастаған іске қатысты сотта Сұлтан Сәрсемалиевтің ата-анасының сөзі тыңдалған болатын.
Еске салайық, биыл қаңтарда Атырау облысында төрт адамнан тұратын отбасы – ер адам, оның жұбайы және екі ересек баласы жоғалып кеткені белгілі болған еді. Алдымен егде жастағы ерлі-зайыптылардың, кейін олардың балаларының мәйіттері табылды. Бұл қылмысқа отбасының бұрынғы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев күдікті ретінде танылып, сот алдында жауап беріп жатыр.
Бұған дейін Атырау облысының прокуратурасы психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша Сұлтан Сәрсемалиевтің есі дұрыс деп танылғанын хабарлаған. Күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева сот санкциясымен стационарлық сот-психологиялық-психиатриялық сараптамадан өту үшін мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылған.
Оның алдындағы сотта йыпталушы Сұлтан Сәрсемалиев кінәсін ішінара мойындады. Ол Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтіргенін жоққа шығарып, мұны өзін-өзі қорғау кезіндегі абайсыздық деп түсіндірді. Алайда қалған үш құрбанды әдейі өлтіргенін растады. Сотталушы Мақсот Қарабалинге – 9, Өтешқалиеваға – 8, Наурыз Мұқанғалиевге – 10, ал Мейрамгүл Қарабалинаға 32 рет пышақ сұққанын ашық айтты.
Оқи отырыңыз:
- Сот процесінде Сұлтан Сәрсемалиевтің ата-анасының сөзі тыңдалды
- Ақтауда пластикалық отадан кейін депутат қайтыс болды
- Тексеріс болады: Блогер Сәуле Базархан қайтыс болған клиникада 2020 жылы тағы бір жас әйел өмірімен қоштасқан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық