Сот процесінде Сұлтан Сәрсемалиевтің ата-анасының сөзі тыңдалды
Коллаж: Orda.kz
Бүгін Атырауда бүкіл бір отбасын, оның үстіне өзінің қайын жұртын қырып тастаған Сұлтан Сәрсемалиевтің ісін қарау бойынша сот процесі жалғасты, деп хабарлайды Orda.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Бүгін сот Жангелдин ауылындағы отбасының қазасына қатысты іс бойынша куәгерлерді тыңдауға кірісті. Іс бойынша барлығы 26 куәгер бар, олардың 17-сін түскі үзіліске дейін сұрау жоспарланған.
Жангелдин ауылынан шыққан отбасын өлтіру туралы іс бойынша сот процесінде бүгін Сұлтан Сәрсемалиевтің ата-анасы сөз сөйледі.
Алғаш болып сот залына сотталушының әкесі Самиғолла Сәрсемалиев шақырылды. Ол сәл ақсаңдап кіргендіктен, судья оған отырып жауап беруге рұқсат етті.
Жауап алу басталғанда Сұлтан Сәрсемалиев көз жасын ұстай алмады. Судья оның жағдайын сұрағанда, адвокаты қысқа ғана: «Толқып тұр», – деп жауап берген.
Соттың сұрақтарына жауап бере отырып, әкесі ұлын сабырлы, отбасын ойлайтын адам ретінде сипаттады. Оның айтуынша, Сұлтан темекі шекпейді, құмар ойын ойнамайды және әрдайым жанжалдан қашуға тырысқан.
«Ол отбасына қамқор болды, үнемі жақындарын ойлайтын. Жауапкершілігі жоғары еді», – деді әкесі.
Сонымен қатар әкесі ұлын толық ақтап алғысы келмейтінін де айтты.
«Сот кімнің кінәлі екенін анықтап, бұл іске нүкте қояды деп үміттенемін», – деді ол.
Оның айтуынша, әлі күнге дейін болған жағдайды түсіне алмай, ұлының мұндай қылмысқа баруы мүмкін екеніне сенбейді. Қазір ол немерелеріне жиі барып тұрады, бір бала Сәбилер үйінде, тағы төртеуі Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында.
Жауап алу барысында әкесі Сұлтан мен бұрынғы жұбайы арасындағы қарым-қатынасқа бөгде адамдар араласқан болуы мүмкін екенін де айтты. Алайда судья бұл жағдай кісі өлтіруге себеп болмаййтынын айтты.
«Ешкім олай ойламайды және олай айтпайды», – деп жауап берді куәгер.
Ол сондай-ақ қазіргі таңда жас отбасылардың ата-анасынан бөлек тұруы жиі кездесетінін айтты.
Ұлының өткеніне тоқталған Самиғолла Сәрсемалиев оның балалық шағында психологиялық жарақаттар немесе ауыр күйзелістер болмағанын жеткізді. Сондай-ақ Сұлтан мен оның бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева арасында айтарлықтай жанжалды байқамағанын айтты.
«Мен оның оған қол көтергенін немесе дөрекі сөйлегенін көрген емеспін», – деді әкесі.
Судьяның ерлі-зайыптылар арасында не болуы мүмкін деген сұрағына куәгер бұл қарапайым тұрмыстық келіспеушіліктер болуы мүмкін екенін болжады.
Айыпталушының әкесі 2025 жылдың қараша-желтоқсан айларындағы оқиғалардан бейхабар болғанын айтты. Қаза тапқандардың туыстары Мұқанғалиевтар отбасымен байланыса алмай жатқанын хабарлағанда, ол күмәнданбай, олар басқа жаққа кетіп қалған шығар деп ойлаған.
Кейін оған Сұлтан мен Ақбаян Өзбекстанда жүр деген ақпарат жеткен. Тек біраз уақыт өткен соң ғана шын мәнінде не болғанын білген.
Соңғы рет ол Мұқанғалиевтар әулетінің басшысы Мақсот Мұқанғалиевты қызын алып кетуге келген күні көрген. Сол кезде ол жастарға бөлек тұрмауға кеңес берген, бірақ оны тыңдамаған.
Осыдан кейін куәгер ретінде сотталушының анасы Гүлнәр Азмұханова шақырылды. Ол сот сұрақтарына жауап беруден бас тартты. Сондықтан судья оның тергеу кезінде берген айғақтарын оқып, әйел олардың барлығын толық растады.
Сот залынан шығар алдында ол ұлына сөз айтуға рұқсат сұрады. Анасы оның бес баласы бар екенін еске салып, қандай жағдай болса да олар үшін әке болып қала беретінін айтты.
«Сен бұл өмірде қуаныш көрмедің. Өмір бойы күрестің. Мықты бол. Өмір үшін күрес. Мен балаларыңа олардың әкесі бар екенін айтып отырамын», – деді ол.
Сот процесі жалғасуда.
Еске салайық, биыл қаңтарда Атырау облысында төрт адамнан тұратын отбасы – ер адам, оның жұбайы және екі ересек баласы жоғалып кеткені белгілі болған еді. Алдымен егде жастағы ерлі-зайыптылардың, кейін олардың балаларының мәйіттері табылды. Бұл қылмысқа бұрынғы күйеу бала Сұлтан Сәрсемалиев күдікті ретінде танылып, сот алдында жауап беріп жатыр.
Алдыңғы отырыста ол қатаң жазаға дайын екенін айтып, қылмысын мойындаған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді
- Маңғыстауда жасөспірім қызды бірнеше адам жабылып ұрып-соққан
- «QARMET» АҚ-ға 1,5 млрд теңге залал келтірген ҰҚТ-ның 13 қатысушысы сотталды