Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: видео желіге тарады

cover Фото: Pexels

Астанада ер адам баспалдақта, ішінде бала отырған арбаның жанында әйелін соққыға жыққан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде кең тарады, деп хабарлайды Orda.kz.

Кадрларда ер адам мен әйелдің арбаның жанында баспалдақта тұрғаны көрінеді. Бір сәтте ер адам оған қол көтере бастаған. Полиция 34 жастағы ер адамды ұстап, қылмыстық іс қозғады.

«Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің жанында ер адам жұбайына қатысты күш қолданғаны анықталды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады ведомство.

Нельзя встроить Instagram-пост: Публикацию нельзя встроить (аккаунт приватный, пост удалён или владелец запретил встраивание).

Открыть пост в Instagram

Сондай-ақ полиция ер адамға әйелмен байланыс орнатуға тыйым салатын қорғау нұсқамасын шығарды.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр

Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар