Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
Фото: ІІМ
Жамбыл облысында полиция жанар-жағармай материалдарын елден заңсыз шығарғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Ішкі істер министрлігі жанармайды заңсыз тасымалдауға қарсы жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде Қордай ауданында бірқатар азаматтардың көліктерді заңсыз қайта жабдықтап, қосымша жанармай бактарын орнатқаны анықталған.
Бұл тәсіл арқылы отын көлемі жасанды түрде көбейтіліп, кейін оны елден заңсыз шығарып, қайта сату көзделген. Жыл басынан бері өңірде осындай 300-ден астам құқық бұзушылық фактісі тоқтатылған.
Барлық заңбұзушылықтар дер кезінде анықталып, кінәлі жүргізушілер жауапкершілікке тартылған. Олардың көліктерінің мемлекеттік тіркеу нөмірлері алынып, анықталған кемшіліктер толық жойылғанға дейін автокөліктер арнайы айып тұрақтарына қойылған.
Тексеру барысында заңсыз орнатылған құрылғылар мәжбүрлі түрде алынып тасталады. Сонымен қатар көліктерді заңсыз қайта жабдықтағаны және тиісті тіркеусіз қызмет көрсеткені үшін техникалық қызмет көрсету станцияларының иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық