Алматыда елдегі алғашқы крематорий іске қосылды
Фото: Orda.kz
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий жұмысын бастады. Жаңа нысан қалалық инфрақұрылымның бір бөлігіне айналып, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Қалалық патологоанатомиялық бюро» ШЖҚ КМК теңгеріміне берілді. Кемінде бес жыл жыр болған крематорий ашылды, Orda.kz тілшісі ашылу жиынынан хабар таратады.
Кремация енді дәстүрлі жерлеуге балама ретінде ұсынылып отыр. Бұл тұрғындарға мәдени, діни және жеке таңдауына сай шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Кешен Чехияда жасалған заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда көпсатылы сүзгі жүйесі бар екі кремациялық пеш орнатылған. Екі камералы технология түтін газдарын толық жанып кетуін қамтамасыз етіп, зиянды шығарындыларды азайтады, иіс пен көзге көрінетін түтіннің таралуына жол бермейді.
Бір кремация рәсімі шамамен екі сағатқа созылады. Қажетті температураға дейін қыздыру үдерісі 35 сағатқа дейін уақыт алады, ал толық жүктеме кезінде әр пеш тәулігіне 8 кремацияға дейін орындай алады. Кремация рәсімі қатаң регламенттелген және толық құжаттар пакеті болған жағдайда мәйітті қабылдау, міндетті сәйкестендіру, кремация жүргізу, күлді өңдеуді және туыстарына тапсыруды қамтиды. Әрбір қадам арнайы бақылаумен және құжатпен рәсімделеді.
Крематорийде кремациядан бөлек, күл салынған құты береді, қоштасу рәсімдерін өткізуге арналған зал да қарастырылған. Сондай-ақ, туыстары арнайы бөлмеден рәсім барысын бақылай алады.
Мекеме қызметкерлері шетелде арнайы оқытудан өткен. Мәйіттермен жұмыс істеу санитарлық талаптар, кәсіби этиканы және құрмет қағидаттары қатаң сақталады. Крематорийдің іске қосылуы Қазақстанда ритуалдық қызметтердің заманауи әрі экологиялық бағытта дамуына жасалған маңызды қадам болып отыр.
Бүгін Алматыда крематорий ресми түрде ашылды.
«Пештің бәрі шетелдік, Чехияда жасалған. 800-1100 градусқа дейін қызады. Біріншіден пеш табиғи газбен жанады, биологиялық, жұмсақ тіндерді түгел күлге айналдыра алады. Екі сағаттай жанады. Біз оларды металл шараға саламыз. Біз кремация бойынша ғана қызмет көрсетеміз», — дейді Алматы қалалық патологоанатомиялық бюро директоры Ардақ Әлішев.
Кремация құны 240 мың, күлі марқұмның туыстарына беріледі, болмаса осы жерде уақытша сақталады. Күл арнайы капсулада сақталады.
«Тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдарға кремация жасау туралы ақпарат жоқ. Тек тірі кезінде келісім берген адамдарға ғана кремация жасалады. Ұлтқа да, жасқа да қарамайды. Бірақ табыттар ағаштан болу керек. Ал жасөспірімді кремация жасау бойынша болашақта заң бойынша қарастырылатын болады», - дейді Ардақ Әлішев.
Қазірше крематориде 2 пеш бар. Ал дене мұздатқышта бір айға дейін сақталады.
«Жер тапшылығы болғандықтан кремация арқылы бұл мәселе шешіледі. Діни көзқарасқа, жеке сұранысқа байланысты ол заңмен шешіледі. Мәйіттің күлі көмілу керек. Оған арнайы жер бөлінеді. Қазіргі уақытта ол жұмыс жүріп жатыр. Бір жылға дейін туыстары күлді қай кезде әкетеді, қанша уақыт сақтайтынымыз туралы келісімшарт туыстарымен жасалады», - деді бас экономист Құралай Әбдіқанова.
Бес жыл бойы талқыланған Алматыдағы крематорий ресми түрде ашылды. Қоғамда бұған қатысты діни және моральдық тұрғыдан түрлі пікірлер болғанымен, мамандар мұндай орталықтың қажеттілігін қаладағы жер тапшылығын жою және санитарлық қауіпсіздікті сақтаумен түсіндіріп отыр. Мәйітті өртеу құны – 240 мың теңге. Бұл қызмет тек көзі тірісінде келісім берген адамдарға ғана көрсетіледі және мәйіт міндетті түрде ағаш табытта болуы шарт. Орталықта 1100 градусқа дейін қызатын екі газ пеші орнатылған. Денені күлге айналдыру процесі 1,5-2 сағат уақыт алады. Күніне 8 мәйітті өртеуге мүмкіндік бар. Марқұмның күлі арнайы капсулаға салынып, туыстарына беріледі немесе орталықтың өзінде уақытша сақталады. Жауапты мамандардың сөзінше, бұл қадам зираттардың шектен тыс үлкейіп кетпеуіне және түрлі жұқпалы індеттердің таралуын тежеуге көмектеседі.
Кремация — ең бірінші індетті таратпауға арналған орын. Яғни, сақтық шаралары дейді мамандар. Бірақ бұның өзі әлі заң жүзінде қарастырылып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Жазушы Өтебай Қанахиннің немересінің өлімі қоғамдық резонанс пен депутаттың қозғау салуынан кейін ғана алға жылжыды
- Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді
- Танымал айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
- ҚР СІМ АҚШ-та жоғалған қазақстандықтың қаза тапқанын ресми растады
- Молдахан: «Мен шындықты айтқанымды ғана мойындаймын»: Ұзабаев пен Шұмаев кешірім бере ме?
- Шалбарын шешпек болған: Шымкентте 8 жастағы қызға анайы қылық көрсеткен ер адам айыппұлмен құтылды
- Жангелдин трагедиясы: Күдікті қайын жұртын түгелдей қырып тастап, Меккеге барып құдайдан кешірім сұрамақ болған
- Жолаушылар тасымалы бағасының өсіп кеткеніне ҚТЖ не дейді?
- Қытай жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Мо Янның қос бірдей кітабы қазақ тілінде жарық көрді
- Ақтөбелік 62 жастағы зейнеткер «америкалық бойфрендіне» бар ақшасын аударып жіберген
- Нұрлан Сабуровтың отбасы Алматыда тұрақты тұру үшін көшіп келді ме?
- Жаңа заңмен бекітті: Виктор Орбан Венгрия үкіметін қайта басқара алмайды
- Цифрлық із: Қазақстандықтар eGov-та өз деректерін кім сұратқанын көре алады
- Қазақстаннан Қытайға уранды заңсыз шығармақ болған алты адам сотталды
- Маңғыстауда Джеки Чан қатысқан фильмнің түсірілімі басталды
- Үй маңында көлік қоюға тыйым салынбайды: Министрлік жаңа ережені түсіндірді
- БАҚ: Польшада ресейлік суретші Семен Скрепецкийді атып кетті
- Петропавлда бойжеткен мешітке кіріп, имамның қалтасын қағып кетті
- Трамп Иранмен келісімге қол қою үшін Женеваға өзі баруы мүмкін екенін айтты
- ІІМ: «Kyzdar.net» интернет-сайтының түпкі бенефициарлары ұсталды