«Союз-5» зымыраны «Бәйтерек» кешенінен алғаш рет ұшырылды
Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
30 сәуір күні Астана уақытымен сағат 23:00-де Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз-5» («Сұңқар») зымыранының сынақтық ұшырылымы өтті. Старт 45-алаңнан Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» жобасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл — зымыранның ұшу-конструкторлық сынақтар кезеңіндегі алғашқы ұшырылым.
«Союз-5-тің бірінші және екінші сатылары штаттық режимде жұмыс істеді, габариттік-массалық макет есептік суборбиталық траекторияға шығарылып, кейін теңіз және әуе қозғалысына алдын ала жабылған Тынық мұхиты айдынына құлады» деп жазылған «Роскосмос» хабарламасында.
Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кешенді құру барысында инфрақұрылым жаңғыртылған: басқару, жанармай құю және қауіпсіздік жүйелері, сондай-ақ старттық жүйелер жаңартылған. Жалпы 40-тан астам техникалық жүйе іске қосылып, ұшырылым алдындағы операциялар барынша автоматтандырылған.
«Союз-5» — төменгі жер орбитасына 17 тоннаға дейін жүк шығаруға қабілетті орта класты зымыран-тасығыш. Ол керосин мен сұйық оттегін пайдаланады, бұл алдыңғы шешімдермен салыстырғанда уыттылығы төмен отын саналады.
«Бәйтерек» жобасы Қазақстан мен Ресейдің бірлесуімен жүзеге асырылып, ғарыш саласындағы маңызды бастамалардың бірі саналады. Жобаның мақсаты — заманауи ұшыру инфрақұрылымын қалыптастырып, Қазақстанның ғарыш қызметтері нарығындағы үлесін арттыру.
Ведомствоның атап өтуінше, бұл ұшырылым маңызды кезең болды, кешен іс жүзінде пайдалануға дайын және жаңа ұшырылымдарға, сондай-ақ жобаларды дамытуға жол ашады.
Айта кетейік, «Союз-5» зымыранын ұшыру бірнеше рет кейінге шегерілген. Алғашында ол 2022 жылға жоспарланған, кейін 2023 жылға ауыстырылды. Одан соң мерзімдер 2025 жылдың соңына жылжыды. Алайда өткен жылдың желтоқсанында да жобаның серіктестері техникалық себептерге байланысты алғашқы ұшырылым мерзімін өзгерткен болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық