12 күдікті ұсталды: Алматыда жасөспірімдер арасында төбелес болып, екі адам қаза тапты
Фото: ЖИ
Алматыда жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болып, салдарынан екі адам көз жұмды. Оқиға бойынша 12 күдікті ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
КТК телеарнасының мәліметінше қайғылы жағдай түнгі уақытта компьютер клубы маңында болған. Қаза тапқандардың туыстарының айтуынша, жасөспірімдердің бірі досынан көмек сұрап, сөйлесуге шақырған.
Сол жерде шамамен 10 шақты жігіт жиналып, жанжал төбелеске ұласқан. Төбелес барысында олардың бірі қарсыласын жүрек тұсынан пышақ салған. Мұны көрген екінші жасөспірім ашуланып, күдіктінің соңынан жүгірген, алайда кейін өзі де пышақ жарақатынан көз жұмған.
Туыстарының сөзінше, жанжал компьютер клубының ішінде басталып, кейін сыртта жалғасқан. Ауызша кикілжің бір сәтте жаппай төбелеске айналып, суық қару қолданылған. Салдарынан екі кәмелетке толмаған жасөспірім ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.
Алматы қалалық полиция департаменті 12 күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Олардың барлығы 17-18 жастағы жастар. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметінше, дене жарақатын тікелей салған тұлғалар анықталып, қамауға алынған. Сонымен қатар, төбелеске қатысқан басқа да адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Айта кетейік, ауыр қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық