Трамптың ұлдары Қазақстанда вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасасты

cover Фото: Әлеуметтік желіден

АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлдары Эрик Трамп пен Дональд Трамп-младший АҚШ тарапынан 1,6 млрд доллар көлемінде қолдау алған қазақстандық тау-кен компаниясынан үлес сатып алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Financial Times газетінің дереккөздерінің мәліметінше, Мәмілені жақсы білетін үш адамның айтуынша, ағайынды Трамптар 2025 жылдың тамыз айында Skyline Builders құрылыс тобының үлесін арнайы компания арқылы сатып алған.

«Дональд Трамп-младший мен Эрик Трамп қолдау көрсететін компания өткен жылы Қазақстанда вольфрам өндіру үшін АҚШ үкіметінен 1,6 млрд долларға дейін мемлекеттік қолдау алған, критикалық минералдар өндіретін компаниялар тобына қосылу туралы келісімге келді», – делінген жарияланымда.

Бұл компанияны Dominari Securities еншілес құрылымы басқарады. Олардың инвестиция көлемі жария етілмеген. Трамптың ұлдары әзірге бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ, ал Ақ үй де басылымның сұрауына жауап бермеген.

Оқи отырыңыз:

Түркістан облысындағы «Қыран» футбол клубы қызметкерлеріне 100 млн теңгеден астам қарыз

12 күдікті ұсталды: Алматыда жасөспірімдер арасында төбелес болып, екі адам қаза тапты

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар