Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
Фото: Orda.kz
Вьетнамда ұсталған миллионер-блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желілердегі оқырмандарына арнап видео жазып, қамауға алынғаннан кейінгі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бейнежазбаны Қамза Instagram-дағы Stories бөлімінде жариялаған. Кадрларда блогер жақында Қазақстанға ұшып барғанын, кейін қайтадан Вьетнамдағы Нячанг қаласына оралғанын айтады.
«Экстрадиция мәселелері қазір шешіліп жатыр, шешімді күтіп отырмын. Сот та, қамау да болған жоқ, тек иммиграциялық қызметте төлқұжатымды алып қойды. Бәрі жақсы болып кетсін деп тілектеріңізді айтыңыздар. Айтайын дегенім осы. Жақсы күндерде кездескенше!» ,— деді блогер.
13 сәуірде Қазақстан ішкі істер министрлігі халықаралық іздеуде жүрген миллионер-блогер Қайсар Қамзаның Вьетнамда ұсталғанын хабарлаған болатын. Ведомство мәліметінше, ұстау Интерпол арналары арқылы, Қазақстан мен Вьетнам құқық қорғау органдарының өзара әрекеттестігі нәтижесінде жүзеге асқан.
Миллионер-блогерге қандай күдік тағылған
Еске салайық, биыл қаңтар айында құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында Қайсар Қамзаға қатысты іздеу жарияланғаны туралы мәлімет пайда болған. Іздеуді бастаған Қаржылық мониторинг агенттігі. Іздеу шараларын Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізген. Ресми ақпаратқа сәйкес, іздеу ісі 2026 жылдың 10 қаңтарында тіркелген.
Кейін блогер заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, жәрдемдесті деген күдікке ілінгені белгілі болды. Қаржылық мониторинг агенттігінің дерегінше, Қайсар Қамза шамамен бес жыл бойы Instagram желісінде qais_arr аккаунты арқылы белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, оның парақшасына 2,4 миллионға жуық жазылушы тіркелген. Сондай-ақ ол 368 мыңға жуық аудиториясы бар жабық «Қора энтертейнмэнт» Telegram-арнасын да басқарған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық