«Әскерге күштеп әкетіп жатыр»: Заңгер рейдтердің қай жері заңды, қай жері заңсыз екенін түсіндірді
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде жастарды көшеден, компьютер клубтарынан немесе түнгі ойын-сауық орындарынан ұстап, әскери комиссариатқа алып кеткені туралы видеолар жиі таралып жүр. Осыған байланысты қоғамда «мұндай әрекет заңды ма?» деген сұрақ көбейді. Сәдуақасов Мұрат Әуесханұлы Orda.kz редакциясына әскери қызметке шақыру тәртібін түсіндіріп, қандай жағдайда азаматтарды рейд кезінде алып кету мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, егер азамат ресми түрде әскерден жалтарып жүргендер қатарында болмаса, оны көшеден мәжбүрлеп әкету заңсыз саналады.
Әскерге шақыру тәртібі қалай реттелген?
Маманның айтуынша, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жылына екі рет жүргізіледі. Бұл процесс Қазақстан Республикасы президентінің Жарлығы немесе Үкіметтің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
«Яғни, шақыру науқаны кездейсоқ немесе жекелеген органдардың шешімімен емес, тек ресми нормативтік актілерге сәйкес жүргізіледі. Шақыру рәсімі міндетті түрде сақталуы тиіс. Заң бойынша жергілікті атқарушы органдар, нақтырақ айтқанда Қорғаныс істері жөніндегі департамент, шақырылушыға шақыру қағазын (повестка) табыстауға міндетті. Бұл құжат тек қағаз түрінде ғана емес, электронды форматта да берілуі мүмкін», - деді адвокат Мұрат.
Мұрат Сәдуақасовтың айтуынша шақыру қағазы азаматқа жеке өзі қол қойып алған жағдайда ғана заңды түрде табысталған болып есептеледі.
Азаматтардың кейінге қалдыру құқығы бар
Мерзімді әскери қызметке шақырылушы азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтары бар. Олардың қатарында:
- оқуына байланысты кейінге қалдыру;
- денсаулық жағдайына байланысты кейінге қалдыру;
- отбасылық жағдайларға байланысты кейінге қалдыру.
Бұл құқықтар тиісті құжаттармен расталған жағдайда ғана қолданылады.
Медициналық комиссия – міндетті кезең
«Шақыру қағазын алған азамат міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Тек медициналық комиссияның қорытындысынан кейін ғана оның әскери қызметке жарамдылығы немесе жарамсыздығы анықталады. Яғни, комиссия шешімінсіз азаматты әскерге жіберу мүмкін емес», - деді қорғаушы.
Мұндай жағдайда не істеу керек?
Маман шақыру қағазын жеткізудің бірнеше заңды жолын атап өтті:
- 1. Жеке тапсыру тәртібі
Шақыру қағазы азаматтың өзіне, оның жақын туыстарына немесе жұмыс/оқу орнындағы басшылығына қолхат арқылы беріледі. - 2. Электронды хабарлама
Ресми хабарламалар egov.kz порталы арқылы немесе Egov Mobile қосымшасы арқылы жіберіледі. Сонымен қатар, азаматтың тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама жолдануы мүмкін. - SMS-хабарлама заң бойынша шақыру қағазына теңестіріледі және азаматқа кемінде 3 күн бұрын жіберілуі тиіс.
- 3. Қағаз түріндегі пошта арқылы жіберу
Егер цифрлық байланыс құралдары болмаса, шақыру қағазы тіркелген мекенжайға немесе нақты тұратын орнына тапсырыс хат немесе курьер арқылы жеткізіледі.
Неліктен рейд жүргізіледі?
Полиция мен әскери комиссариаттардың бірлескен рейдтері мен түнгі тексерулері азаматтарды жаппай ұстап алу үшін емес, әскерден ресми түрде жалтарып жүргендерді анықтау мақсатында жүргізіледі. Мұндай шаралар тек мына жағдайларда қолданылады:
- азамат бұрын берілген шақыру қағаздарын елемеген болса;
- тіркелген мекенжайында тұрмаса;
- ресми түрде іздеуде болса.
Яғни, бұл жүйе барлық жастарға емес, тек заң талаптарын орындамағандарға қатысты іске қосылады.
Егер көшеде сізді алып кетсе мұндай жағдайда не істеу керек?
Заңгер азаматтарға нақты әрекет алгоритмін ұсынды.
- Бірінші қадам – сабыр сақтау және негіз сұрау.
Егер азаматты көшеде, түнгі клубта немесе өзге жерде тоқтатып, Қорғаныс істері жөніндегі департаментке баруды талап етсе, ең алдымен сабыр сақтап, ұстау себебін нақтылап сұрау қажет. - Екінші қадам – құжаттарға мұқият болу.
Адвокатсыз ешқандай құжатқа қол қоймау маңызды. Әсіресе медициналық комиссияға жіберу немесе шақыру қағаздарына қол қою кезінде асығыстық жасамаған жөн. - Үшінші қадам – құқықтық құжаттарды көрсету.
Егер азаматта кейінге қалдыру немесе әскерден босату құқығын растайтын құжаттар болса, оларды міндетті түрде көрсету керек. Бұл анықтамалар мен медициналық қорытындыларды алдын ала egov.kz жүйесіне енгізіп қойған дұрыс. - Төртінші қадам – жақындарға хабар беру
Жағдай туралы жақын адамдарға дереу хабарлау қажет. Олар қажет болған жағдайда заңгерлік көмек ұйымдастыра алады.
Мерзімді әскери қызметке шақыру тәртібі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңмен реттеледі. Заңға сәйкес, 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар әскери қызметке шақырылады.
Кейінге қалдыру немесе босату мына негіздер бойынша беріледі:
- отбасылық жағдайлар;
- білім алуды жалғастыру;
- денсаулық жағдайы;
- өзге де заңда көрсетілген себептер.
Маманның айтуынша, қоғамда тараған «көшеден ұстап әкету» жағдайларының барлығы бірдей заңсыз әрекет емес. Егер азамат шақыру тәртібін елемей, іздеуде болса, мұндай шаралар заң аясында жүзеге асырылуы мүмкін. Заңгердің айтуынша бұндай жағдайда күшпен алып кетуге құқықтары бар. Тіпті айыппұл салынады.
Ал заң талаптарын сақтаған, құжаттары дұрыс азаматтар үшін әскерге шақыру процесі тек ресми рәсімдер арқылы жүреді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- «Орталық Азия – Қытай» форматы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде нақты шешім үлгісі болады
- Негізгі тестілеуден бір апта өтпей жатып 86 талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды
- «Әскерге күштеп әкетіп жатыр»: Заңгер рейдтердің қай жері заңды, қай жері заңсыз екенін түсіндірді
- Қазақтың дауылпаз ақыны Олжас Сүлейменов 90 жасқа келді
- Қатаң жазаға дайынмын: Сұлтан Сәрсемалиев сотта қылмысын мойындады
- Владимир Зеленскийдің ең жақын серігі Андрей Ермак тергеу абақтысынан шықты
- Стамбұл–Измир тас жолында жолаушылар автобусы аударылды: Көптеген жарақат алғандар бар
- Құрбан айттың құрметіне — 27 мамыр демалыс күні
- БАҚ: Алматы облысында полиция бастығының орынбасары әйелін қызметтік көлікпен қағып өлтірді
- БАӘ аумағына дрондар шабуыл жасады: Олардың бірі атом электр станциясы маңына түскен
- Желіде Павлодардағы ХҚКО-да түсірілді делінген видеоның жай-жапсары белгілі болды
- Атырауда қайын жұртын қырып тастаған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот процесі басталды
- Павлодар алюминий зауытында екі жұмысшы жарақат алды
- Куба дәл Иран сияқты енді АҚШ-қа қарсы әскери әрекеттерге дайындалып жатыр
- АҚШ-та авиашоу кезінде екі әскери жойғыш әуеде соқтығысты
- Түрмеде жатып бизнес жасап, бостандықтағы азаматтардың қалтасын қаққан адамға жаза қосылды
- Астанадағы LRT пойыздарының жолда «тұрып қалған» себебі белгілі болды
- Ақтөбелік емші Динара Сәтжан мен Баян Алагөзоваға тиісіп, істі болды
- Қырғыз президенті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі сайлау алдында әлем көшбасшыларына үндеу жасады
- АҚШ пен Иран келіссөзді қайта бастау үшін тағы да бір-біріне талап қойды