Желіде Павлодардағы ХҚКО-да түсірілді делінген видеоның жай-жапсары белгілі болды
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Павлодар қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде түсірілді делінген видеодағы ресейлік азамат шу шығарып, қызметкелерге дөрекілік танытты деген ақпараттың жай-жапсары анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желілерде Павлодар қаласындағы ХҚКО-да (ЦОН) болды делінген жанжал туралы тараған жарияланымға байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімет таратты.
Жарияланған видеодағы оқиға 2022–2023 жылдары Павлодар қаласындағы көші-қон қызметі бөлімінде (Павлов көшесі, 48/1) болған. Бұл ғимарат қарсы бетте орналасқан, яғни видео жаңа емес. Ал ХҚКО бөлімі Павлов көшесі, 48 мекенжайындағы басқа ғимаратта орналасқан және аталған жағдайға еш қатысы жоқ.
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы ашықтық қағидаттарын, қызмет алушыларға құрметпен қарауды және агрессия, жанжал тудыру, қоғамдық тәртіпті бұзу мен заңсыз әрекеттерге мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанады.
Корпорацияның басты басымдығы – әрбір азаматқа мемлекеттік қызметтерді сапалы, қолжетімді әрі қолайлы түрде ұсыну.
ХҚКО қызметкерлері тұрақты түрде қызмет көрсету стандарттары, коммуникация және азаматтармен өзара іс-қимыл этикасы бойынша оқытудан өтеді. Сонымен қатар қызметтердің қолжетімділігін арттыру, күту уақытын қысқарту және елдің барлық өңірінде қызмет сапасын жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылданып келеді.
ХҚКО азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тек ресми дереккөздердегі тексерілген әрі нақты ақпаратқа сүйенуге шақырды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты
- Астана – Шымкент рейсінен мас жолаушы түсірілді
- Талдықорғанда төрт метрлік ашық құдыққа 14 жастағы қыз құлап кетті
- БЖЗҚ-дағы барлық жинақты басқарушы компанияға беруге болады
- Ұшаққа найзағай түсіп, қозғалтқышының бір бөлігі үзіліп кетті
- Елжас Отыншиев «Қазақстан темір жолын» басқарады
- АҚШ он түн қатарынан Иранға оқ жаудырды: Мұнай бағасы шарықтап кетті
- ӘЧ-2026: Испания Аргентинаны жеңіп, футболдан әлем чемпионы атанды
- Қазақстан мұнайы тиелген екі танкерге шабуыл жасалды: Министрліктер не дейді?
- Шетелдік жүргізушілер енді жазадан құтыла алмайды
- Үндістан мен Пәкістан шекарасында екі сағаттық атыс болды
- ӘЧ-2026: Майкл Олисе пас беру саны бойынша Пеленің рекордын жаңартты
- Қазақстанда үш бірдей орман өрті сөндіріліп жатыр
- Түркістанда «Шәмші әндері» фестивалі аншлагпен өтті