БАҚ: Алматы облысында полиция бастығының орынбасары әйелін қызметтік көлікпен қағып өлтірді
Фото: Pexels
Алматы облысының Балқаш ауданында адам өліміне әкелген жол апаты тергеліп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Polites News мәліметінше, іс бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Бауыржан Қабдұлданов тергеліп жатыр. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 2026 жылғы 16 мамыр күні шамамен сағат 05:04-те Қонаев – Бақанас тасжолында болған.
Оқиға туралы хабар Балқаш аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне түскен. Оқиға орнына аудан прокуроры, оның орынбасары, кезекші прокурор және Алматы облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы барған.
Алдын ала тексеру мәліметінше, Балқаш аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметтік Hyundai Elantra автокөлігін басқарған. Көлікте оның жұбайы да болған. Жүргізушінің алғашқы түсініктемесіне сәйкес, Бақанас ауылы бағытына кетіп бара жатқанда ерлі-зайыптылар арасында жанжал шыққан. Ер адам әйелінің көліктің есігін ашып, түсіп кетпек болғанын айтқан.
Осыдан кейін оның сөзінше, ол Бақбақты ауылы маңында көлікті тоқтатып, әйелін түсіріп кеткен де, жолын жалғастырған. Шамамен 2–3 шақырым жүрген соң, оны қайта алып кету үшін кері бұрылғаны айтылады.
Алдын ала нұсқа бойынша, әйел Қонаев – Бақанас тасжолының 84-шақырымында жол ортасында отырған күйде қалған. Жүргізуші оны байқамай қалып, қағып кеткенін мәлімдеген. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.
Тергеу мәліметінше, жәбірленушінің жолда болғаны оқиға орнын қарау нәтижелерімен, қан іздерімен және мәйітті тексеру қорытындыларымен алдын ала расталып отыр.Сондай-ақ Қабдұлдановтың қызметтік көлікті жол парағы негізінде басқарғаны хабарланды. Бұған дейін, 15 мамыр күні ол полиция бөліміндегі қылмыстық істер бойынша сараптамалар тағайындау үшін Қонаев қаласына барған.
Аталған факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша — жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қызметтік автокөліктің алдыңғы бампері зақымданып, радиаторы ішке қарай майысқан.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық