Владимир Зеленскийдің ең жақын серігі Андрей Ермак тергеу абақтысынан шықты
Фото: әлеуметтік желілерден
Украина президенті Владимир Зеленскийдің ең жақын серігі әрі оң қолы саналған, президент кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Ермак тергеу изоляторынан шықты, оның кепіл ақшасы толық төленді, деп хабарлайды Orda.kz.
Андрей Ермак үшін кепіл ақшасы толық төленіп, ол тергеу абақтысынан босатылды. Украина Жоғары антикоррупциялық соты Владимир Зеленскийдің бұрынғы кеңсе басшысы Андрей Ермак үшін белгіленген кепілдің толық төленгенін растады. Бұл туралы «Общественное» басылымы сот органдарына сілтеме жасап хабарлады.
Сөз 140 миллион гривин туралы болып отыр, бұл шамамен 3,1 миллион АҚШ долларына тең. Ермак сол жерде бүкіл демалыс күндерін өткізген. Енді қаражат төленгеннен кейін ол бостандыққа шығуға мүмкіндік алды.
Еске салайық, Андрей Ермакқа айып 11 мамырда тағылған. Украинаның Мамандандырылған антикоррупциялық прокуратурасы оны Киев маңындағы элиталық тұрғын үй кешені құрылысы барысында қаражатты заңдастырды деп күдіктенді.
Бейсенбі күні Жоғары антикоррупциялық сот Ермакты қамауға алу туралы шешім шығарып, бірақ кепілмен босауға рұқсат берген. Айыпталушының өзі мұндай қаражат жоқ екенін айтып, оны шынайы емес деп атаған. Қорғау тарабы апелляция беруді жоспарлаған. Алайда қаражат бәрібір табылды. Айта кетерлігі, Ермак тергеу изоляторында ақылы камерада отырған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық