БАӘ аумағына дрондар шабуыл жасады: Олардың бірі атом электр станциясы маңына түскен
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Біріккен Араб Әмірліктері соңғы тәулікте елге шабуыл жасаған үш дронның қайдан ұшырылғанын анықтап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлаған Orda.kz.
БАӘ Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, барлық ұшқышсыз ұшақ ел аумағына батыс шекара бағытынан кірген. Екі дрон әуеде жойылған. Алайда үшінші аппарат Әбу-Дабидегі «Барака» атом электр станциясынан тыс орналасқан электр генераторына соғылған. Салдарынан өрт шыққан.
МАГАТЭ жағдайды бақылап отырғанын хабарлады. Әмірлік билігі радиациялық қауіп жоқ екенін және станция қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатқанын айтты.
Әзірге Әбу-Даби шабуыл үшін нақты бір елді айыптаған жоқ. Бірақ оқиға АҚШ пен Иран арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер тоқырауға тірелген тұста болды. Сауд Арабиясы БАӘ-ге жасалған шабуылды айыптап, бұл Таяу Шығыстағы тұрақтылыққа қауіп төндіретінін мәлімдеді.
Соңғы айларда Парсы шығанағындағы жағдай күрт шиеленісіп кетті. Әсіресе Ормуз бұғазы төңірегіндегі дағдарыстан кейін Иран мен АҚШ одақтастары арасындағы текетірес жаңа деңгейге шыққан.
Оқи отрыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық