Алматыда қаңтар құрбандарына арналған мемориал ашылды
Алматыда қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған мемориал ашылды.
Ескерткіш қала әкімдігі жанындағы алаңда, Сәтбаев көшесінің оңтүстігінде және Назарбаев даңғылының батысында бой көтерді.
Ескерткіштің ашылуында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «артында арандатушылар тұрған лаңкестер билікті басып алуға және мемлекетіміздің іргесін шайқауға әрекеттеніп, бейбiт митингiлердi пайдаланғанын» айтты.
20 қазанда Қазақстандағы құқық қорғаушылар АҚШ, Еуроодақ, Ұлыбритания және Канада елдерін тәуелсіз халықаралық тергеу жүргізу және барлық кінәлілерді жауапқа тарту үшін Қазақстан билігіне қысым көрсетуге шақырғаны белгілі болды.
Айта кетсек, 10 ай өтсе де қаңтар оқиғасының тергеуі жөнінде сұрақ көп. Сондай-ақ, 19 қазанда ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиевтің рақымшылыққа құқық қорғау органдарының бір ғана өкілі түседі деп сендіргенін қосамыз.
Қаза болғандардың нақты саны оқиғалардан сегіз ай өткеннен кейін тамыз айында ғана ресми түрде жарияланды.
Маусым айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтарда елге шабуыл жасаған «20 мың лаңкес» туралы айта келіп, «бұл бүкіл елге қатысты» деді.
16 қыркүйек күні қаңтар оқиғасы мен жүріп жатқан сот процестерін белсенді жариялап жүрген журналист Динара Егеубаева полиция бөлімшесіне жауап алуға шақырылды. Ол бұл оқиғаның өзінің журналистік қызметіне кедергі болғанын айтты.
Жаңалықтар
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
- Нұрайға қатысты «72 рет пышақ сұғар едім» деген пікір жазған адам анықталып, хаттама толтырылды
- «Байден құсап құлап қалмасын»: Невададағы Трамптың әзілі мемге айналды
- 100 миллион теңгеден астам ақша иемденген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Димаштың түрік тіліндегі жаң әні iTunes хит-парадтарында бірінші орында тұр
- Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 25 млн теңге өндіріп алмақ
- Медициналық сақтандыру бойынша 4,5 млрд теңгеге қатысты заңбұзушылық сотқа жолданды
- Еліміздің мектептерінде жасанды интеллект қалай оқытылады?
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді бақылау туралы келісімге келді
- Екі миллиард теңге несие алаяқтығы: ҰҚТ-ның 20-дан астам мүшесі сотталды
- Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіледі
- Өзбекстан алғашқы жерсерігін ұшырды
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?
- «ҚазАвтоЖол» жүргізушілер мен жолаушыларды дәретхана маңында тазалық сақтауға шақырды
- Ғалымдар кондиционерсіз бөлмені салқындататын материал жасады
- Тоқаевтың 30 жылдан бері айтқан ой-толғамдары бір кітапқа топтастырылды
- Ақтауда жасөспірімдер оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген