Әлем жаңажылдық отшашу мен дақпырттан бас тартты
Фото: Orda.kz
Париж, Белград, Токио, Гонконг биылғы жаңа жыл қарсаңында жаппай көше мен алаңдарда өтетін шараларынан бас тартты. Оның себебі - мигранттар тарапынан болуы мүмкін терактілер мен ұрыстардан қорқып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Елисей даласында бұрыннан қалыптасқан жүздеген мың көрермен жинайтын дәстүрлі концерт биыл болмайды. Жергілікті тұрғындарға теледидар арқылы алдын-ала жазылған бағдарлама ұсынылады. Париждің орталық көшелерінде серуендегендердің топтасып, жиналмауы үшін мерекелік шамдар сөндіріледі, ал фейерверктерді үйден ғана қарау ұсынылады.
Белград та дәл сондай шешім қабылдады. Мэрдің айтуынша, ол балалардың қауіпсіздігі үшін қатты алаңдайды. Өткен жылдардағы мерекелер айқай-шумен, төбелеспен аяқталды, ал полиция алаңға шыққан жұрттың толқынын әрең ұстап тұрды.
Токиода жаңа жылдық «қайта есептеу» жойылды - қала адам ағынын бақылай алмайтынын мойындады.
Германия да сақттық шараларын күшейтіп, артық ешкім кірмеуі үшін жәрмеңкелер бетон блоктармен қоршалды, ал қауіпсіздік шығындары шамамен 50% -ға өсті. Магдебургте өткен жылғы терактіден кейін рождестволық жәрмеңкеге мүлдем тыйым салынды.
Австралия да солай болды. Сиднейде Бонди-бич жағажайындағы іс-шаралар тоқтатылды, оған 15 мыңға жуық адам келеді деп жоспарланған болатын. Қала билігі мерекелердің «ұстамды форматын» жасауға уәде етті, ал рождестволық шамдарды зардап шеккен еврей қауымымен ынтымақтастық белгісі ретінде ақ гирляндымен ауыстырды.
Естеріңізге сала кетейік, 14 желтоқсанда Сиднейдегі терактіде 16 адам қаза тапқан болатын. Бонди-бич жағажайындағы адамдарға екі ер адам оқ атты. Сол кезде онда Хануки еврей мерекесі өтіп, оған мыңнан астам адам жиналған болатын.
Еске салсақ, Катар астанасы Дохада жаңа жылды тойлау кезінде болған қақтығыс салдарынан ондаған адам зардап шекті.
Тақырыпқа сай оқи отырыңыздар:
«Жаңа жыл тойлағандар — күнәһар»: Нұр-Мүбарак оқу орнының түлегі уағыз айтты.
Танымал «аяз ата» қыз зорлады.
Алматы полициясы заңсыз отшашуларды іздестіруде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық