Өңірлер өңешін керіп сұраса да берілмейтін қаржы неге жыл сайын «ҚазАвтоЖол» мен «Жасыл Дамуға» бөлінуі тиіс?
Фото: gov.kz
Сенат төрағасы өңірлер жылдар бойы қарапайым қаржыландыруды күтіп отырғанда неге мемлекет қосымша бюджетті жергілікті халықтың мұқтаждықтарына емес, орасан зор қаражат жинақталған жерге жібереді, деген мәселені көтерді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сенатор есептеріне орасан қаржы кірген акционерлік қоғамдарды мысалға келтірді. «ҚазАвтоЖол» АҚ-на екі жыл ішінде 130 млрд теңге түскен. Жыл әлі аяқталмады, яғни түсетін ақша әлі де өсуі мүмкін.
«Жасыл Даму» АҚ осы кезеңде одан да көп - 600 млрд теңге алды.
Өңірлер инфрақұрылым үшін бір миллиардқа жуық, жарты миллиардқа жуық салыстармалы түрде түкке тұрмайтын қаражат іздеп жанталасса да құралақан қала береді.
Шоттарындағы қомақты қалдықтарға қарамастан, екі құрылым да бюджет ақшасын тағы алады. 2026 жылға олар үшін тағы да қосымша қаржыландыру бөлінеді.
«Бұл қаражат бірыңғай қазынашылық шотты айналып өтіп кетеді. Осының салдарынан олар бойынша парламенттік және қаржылық бақылау әлсіреген. Әдетте бюджет ақшасын пайдалану үшін қажет бюджеттік рәсімдерді орындамайды. Яғни, тәртіп жоқ, бақылау әлсіз және осы қаражатты пайдаланудың ұтымдылығы туралы мәселе бар», - деді Мәулен Әшімбаев.
Бұл екі компания ғана. Басқа да аты аталмаған алпауыттар бар.
Бұдан басқа, кәдеге жарату алымы, жолмен жүру ақысы, сертификат беру бар, яғни орасан қаражат жеке және квазимемлекеттік құрылымдарға кетіп жатыр. Ал олардың есебі қайда? Қаражаттың игерілуі туралы ақпаратты неге көрмейміз?
«Жолды пайдаланғаны үшін төлемді «ҚазАвтоЖол» алады, тауардың шығу тегі туралы сертификатты «Атамекен» береді, кәдеге жарату жинағын «Жасыл Даму» жинайды және т.б. Олардың табысы орасан көп. Тек «ҚазАвтоЖол» ғана 2024 жылы жолдармен жүруге 52,9 млрд теңге, ал биылғы 10 айда 79 млрд теңге пайда көрген. Сіз бұл қаражатты мемлекеттік бюджетке беруді қарастырып жатырсыздар ма?», - деп сұрады депутат Нұрия Ниязова.
Мемлекеттік бюджет қаражатын дұрыс бөліп, оңтайлы пайдалану тек 2026 жылдан қолға алынбақ па?
«Біз мұны ескереміз. Бюджетті қалыптастырған кезде осы түсімдердің бәрін, мысалы, жол жөндеуді ұстау мен жаңғыртуға жұмсадық. Шығыстарды жоспарлай отырып, парафискальдық төлемдерді алатын ұйымдарды қоса алғанда, ортақ ресурсқа сүйенеміз. 2026 жылдан бастап жаңа бюджет кодексіне сәйкес, біз жыл сайын осы төлемдерге тұрақты негізде талдау жүргізетін боламыз. Бұнымен Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі айналысады», - деп жауап берді Қаржы вице-министрі.
Айта кетерлігі жыл сайын облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне даму бағдарламалары мен қолданыстағы өңірлік бағдарламалар үшін бөлінеді. Өткен жылы еліміздің әкімдіктері 40 млрд теңгеге жуық нысаналы трансферттерді игермеді.
Сондай-ақ, Көкшетауда 78 миллион теңгеге мектептердің бірінің шатырын жөндеу жоспарланған. Алайда, белгілі болғандай, ғимарат жақында ғана – бір жарым жыл бұрын ғана пайдалануға берілген. Тиісінше, ол әлі де кепілдікте және барлық жөндеу жұмыстарын мердігер орындауы керек.
Жаңалықтар
- Омбыдағы гүлзар алаңына Кемел Тоқаевтың есімін беру ұсынылды
- Өзбекстанда әліпби өзгереді: 26 әріптің орнына 28 әріп болады
- Ақтаудағы кафелердің бірінде атыс болып, ер адамның бетіне оқ тиді
- Алматы мен Астанада аптап ыстық күшейеді: Ауа температурасы +38 градусқа дейін жетеді
- Студент қос аяғынан айырылды: Арыс әкімінің ұлы неге күдікке ілінді?
- Қытайдағы алапат тасқын: Қырыққа жуық адам қаза тауып, іздестіру жұмыстары жүріп жатыр
- Мас болып екі көлікпен соқтығысқан Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалды
- Қазақстанда тағы үш жол учаскесі ақылы болады
- Қайын жұртын жалмаған: Прокурор Сұлтан Сәрсемалиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Қазақстан 2026–2027 жылдары бірден жеті әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды
- Алматы облысында 2025 жылы жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды
- Атыраудағы түгелдей бір отбасының ажалы: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
- Данияр Елеусінов Астанада екі жол апатына қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- Түркістан полициясы журналистің ұрланған көлігін бірнеше сағат ішінде тауып берді
- АҚШ Иранға жаңа соққы жасады, Тегеран америкалық базаларға шабуылмен қарымта берді
- Чемпиондар лигасы: «Қайрат» өз алаңында «Сутьесканы» 2:1 есебімен жеңді
- Ескі асфальтқа төгілген тас: Тарбағатай–Аягөз тасжолы сынға ұшырады
- Зейнет жинағы бойынша ең бай болашақ зейнеткерлер белгілі болды
- Сайлауда жалған ақпарат таратқандар жазаланады
- Тасмағамбетовпен бірге қызмет еткен бұрынғы шенеунік халықаралық іздеуге жарияланды