Танымал «аяз ата» қыз зорлады
Фото: nemolchi.uz
Татарстанда «аяз ата» қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Nemolchi.uz инстаграм парақшасындағы мәліметтерге сүйенсек, Татарстанда Бугульма қаласындағы БАҚ Владимир Шишканов туралы жиі жазады. Ол бұған дейін жаңа жыл мерекесі кезінде іс-шара ұйымдастырып, «аяз ата» қызметін атқарғаны үшін танымалдылыққа ие болған. Әр жылы ер адам арнайы киім киіп, балаларға тәтті ұсынып, олармен суретке түсетін.
Жергілікті басылымдар Владимир Шишканов туралы ерекше тақырыптармен жаңалықтар жазады. Мысалы 2020 жылы ол балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа жыл мерекесін ұйымдастырып, олардың көңілін көтерген.
Енді ел мақтаған «аяз ата» қыз зорлады деген күдікке ілінді.
Владимир Шишкановқа кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Ең қызығы, оның бұрын да осы іс бойынша сотты болғаны анықталды. Сонымен қатар ер адам кәмелетке толмаған балалардың порнографиялық суреттерін дайындағаны белгілі болды.
Тергеу мәліметтері бойынша, жаз мезгілінде ол танысының пәтерін жөндеуге барған. Үйде танысының 6 жастағы қызы жалғыз болған екен. Ол балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасаған және болған жағдайды ұялы телефонына түсіріп те алған. Қазір Шишканов қамауға алынды.
Мәліметтерге сүйенсек, Шишканов ансамбль құрамында өнер көрсеткен. Қаланың патриоттық шараларына да қатысқан. Әрі оның парақшасында балалармен түскен әртүрлі суреттері бар.
Енді тергеу барысында ер адамның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық