АҚШ өтініш жасады: Украина Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге шабуылын тоқтатты
Коллаж: Orda.kz
Украина Новороссийск маңындағы мұнай тасымалдайтын танкерлерге ұшқышсыз аппараттармен шабуылын тоқтатты. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Украинаға осындай өтініш жасады, деп хабарлайды Orda.kz Financial Times басылымына сілтеп.
Басылымның мәліметінше, мәселе тікелей Қазақстан мұнайына және Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысына тікелей қатысты. КҚК арқылы Қазақстан мұнайы құбырмен Новороссийск маңындағы терминалға жеткізіліп, сол жерден танкерлерге тиеліп, әлемдік нарықтарға жөнелтіледі. Қара теңіздегі украиналық шабуылдар салдарынан дәл осы мұнайды тасымалдайтын кемелер қауіп аймағында қалған.
«Вашингтон Украинаның мұнай нарықтарын одан әрі тұрақсыздандырып, Қазақстаннан Каспий құбыр консорциумының Ресейдің Новороссийск портындағы терминалына құбыр арқылы жеткізілетін мұнайды тасымалдайтын танкерлерге шабуыл жасау арқылы америкалық компанияларға зиян келтіріп жатқанына алаңдаулы» деп жазады басылым дереккөздеріне сілтеме жасап.
Financial Times мәліметінше, келіссөздер барысында КҚК инфрақұрылымына зиян келтірмеу мәселесі де көтерілген. Украина президенті Владимир Зеленский мен Джей Ди Вэнс бұл мәселені 31 шілдедегі телефон арқылы сөйлескен кезде талқылағаннан кейін Киев КҚК терминалы маңындағы танкерлерге шабуылын тоқтатқан.
Қазақстан мұнайы КҚК құбыры арқылы Қазақстан аумағынан Новороссийск маңындағы терминалға жеткізіледі. Сол жерде мұнай танкерлерге тиеліп, халықаралық нарықтарға жөнелтіледі. Сондықтан бұл мұнайды тасымалдайтын кемелер Қара теңіздегі шабуылдар салдарынан қауіпке ұшырады.
Financial Times мәліметінше, АҚШ билігі Украинаның Қара теңіздегі мұнай тасымалына жасалған шабуылдары энергетикалық нарықтарға кері әсер етіп, америкалық компаниялардың мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін деп алаңдаған.
Украина билігі өкілдері Киевтің КҚК инфрақұрылымына және Ресейге тиесілі емес кемелерге шабуыл жасамауға келіскенін растады. Алайда бұл кемелер Украина санкцияларына енгізілмеген және ресейлік мұнай немесе басқа да ресейлік жүк тасымалдамауы тиіс.
«Біз америкалық серіктестеріміздің пікіріне өте мұқият құлақ асамыз», – деді басылымға жоғары лауазымды шенеунік.
Оның айтуынша, АҚШ-тың өтінішіне жауап ретінде Киев тиісті «тетіктерді» қалыптастырған. Ол КҚК мәселесі АҚШ және Қазақстан үкіметтерімен тұрақты талқыланатын тақырыптардың бірі болғанын атап өтті.
АҚШ КҚК-ны Қазақстан мұнайын жеткізетін маңызды бағыт деп атады. АҚШ өкілі Financial Times басылымына Вашингтон Украинаны Қара теңізде Ресейге тиесілі емес кемелерге, сондай-ақ КҚК инфрақұрылымына шабуыл жасауды тоқтату қажеттігі туралы ескерткенін растады.
«АҚШ әкімшілігі КҚК-ны Қазақстаннан шыққан энергетикалық ресурстарды Еуропа нарығына жеткізетін, Ресейдің энергетикалық жеткізілімдеріне балама болатын аса маңызды арна ретінде қарастырады», – деді ол.
Вашингтонның бұл бағытқа ерекше қызығушылық танытуының бір себебі америкалық компаниялардың КҚК жобасына қатысуы. Chevron және ExxonMobil консорциумдағы үлестерге ие әрі осы экспорттық бағытты пайдаланатын Қазақстан кен орындарын игеруге қатысады.
Шілде айында Қара теңіздегі шабуылдар КҚК жұмысына бірнеше рет кедергі келтірді. Мәселен, 19 шілдеде КҚК теңіз терминалындағы мұнай тиеу жұмыстары кезінде ASIA және NISSOS IOS атты екі танкер ұшқышсыз аппараттардың шабуылына ұшырады. Бұл кемелер Қазақстанда өндірілген мұнайды тиеп жатқан болатын. Танкерлердің бортында халықаралық экипаждар болды.
Осы оқиғаға байланысты Қазақстанның Энергетика министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, шабуыл салдарынан зардап шеккендер болған жоқ. КҚК-ның алыста орналасқан айлақ құрылғылары да зақымданбаған.
Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мұндай шабуылдарды елдің экономикалық мүдделеріне жол беруге болмайтын қол сұғушылық деп атады. Ведомство серіктес мемлекеттерді мұндай әрекеттерді қатаң айыптап, нақты жауап шараларын әзірлеуге шақырды.
30 шілдеде КҚК теңіз терминалының акваториясында екі танкерге қайтадан ұшқышсыз аппараттар шабуыл жасады. Соның салдарынан кемелердің бірінде өрт шықты.
31 шілдеде Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысын толық тоқтату мүмкіндігі туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Ведомство мұндай сценарийдің қарастырылып жатпағанын мәлімдеді.
Сонымен қатар Қазақстан мұнай экспортын жүзеге асырудың қосымша бағыттарын қарастырып жатқаны да белгілі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық