ҚР СІМ Қазақстанның мұнай танкерлеріне жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Envanto
ҚР Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Қара теңіздегі Қазақстан мұнайының танкерлеріне жасалған шабуылдарға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Өз мәлімдемесіне Жетібаев болған жағдайға ҚР СІМ алаңдаушылық білдіретінін айтты
«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі биылғы жылдың 13 қаңтарында Қара теңіз акваториясында Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалына бара жатқан үш танкерге ұшқышсыз басқарылатын дрондардың шабуыл жасағанына байланысты үлкен алаңдаушылық білдіреді», - деп мәлімдеді Ерлан Жетібаев.
Оның айтуынша, бірқатар Еуропа елдері елшілерімен өткізілген жедел кездесулер барысында, сондай-ақ америкалық тараппен және басқа да шетелдік серіктестермен болған байланыстар кезінде көмірсутектерді тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, соның ішінде теңіз жолдарында, халықаралық құқық нормаларын қатаң сақтай отырып, нақты әрі тиімді шаралар қабылдаудың қажеттілігі ерекше атап өтілді.
«Қазақстан Республикасы ешбір қарулы қақтығысқа қатысып отырған жоқ. Еліміз әлемдік және еуропалық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға өз үлесін қосып келеді және энергия ресурстарын халықаралық талаптарға толық сай, үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етіп отыр. Осы орайда аталған танкерлердің барлық қажетті рұқсат құжаттары болғанын және тиісті тану жабдықтарымен жабдықталғанын атап өтеміз. Соңғы кезде мұндай оқиғалардың жиілеуі халықаралық энергетикалық инфрақұрылымға төнетін қауіптердің артып келе жатқанын көрсетеді. Сондықтан болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін серіктестерді бірлесіп әрекет етуге шақырамыз», - деп қосты Ерлан Жетібаев.
Еске сала кетейік, сейсенбі күні Қазақстан мұнайының шамамен 80%-ы өтетін Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалы маңында грек компаниялары басқаратын екі мұнай танкеріне дрондармен шабуыл жасалды.
LSEG деректеріне сәйкес, танкерлердің бірі — Delta Harmony — гректің Delta Tankers компаниясының басқаруында. Бұл кеме «Теңізшевройл» консорциумы өндіретін мұнайды тиеуі тиіс болған. Екінші танкер — Matilda — гректің Thenamaris компаниясына тиесілі, ол Қарашығанақ кен орнынан алынатын мұнайды тиейтін болған. Thenamaris компаниясының өкілі Matilda танкері КҚК терминалынан маңында, жүксіз тұрған кезде екі дронның соққысына ұшырағанын растады.
Жаңалықтар
- Әскердегі зорлыққа қатысты ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты
- Астана – Шымкент рейсінен мас жолаушы түсірілді