«Теңізшевройл» мұнайы тиелген танкер КҚК терминалы маңында шабуылға ұшырады
Коллаж: Orda.kz
30 шілдеге қараған түні Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы маңында екі мұнай танкеріне шабуыл жасалды. Бұл туралы Orda.kz КҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
КҚК мәліметінше, Мәскеу уақытымен сағат 01:48-де Маршалл аралдары туы астында жүзген NIFFOS SIFNOS танкеріне ұшқышсыз ұшу аппараты соққы жасаған. Кеме «Теңізшевройл» мұнайын ҚАҚ-3 (қашықтағы айлақ құрылғысы) қашықтағы айлағында мұнай тиеп жатқан кезде болған.
Соққы жүк палубасындағы мұнай қабылдау жабдықтары орналасқан аймаққа тиген. Туындаған өртті экипаж және ҚАҚ-ның үш көмекші кемесі сөндірді.
«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Мұнай төгілуі тіркелмеді, экипажды эвакуациялау қажет болған жоқ. Танкер су бетінде қалды, мамандар зақым деңгейін бағалап жатыр. Мұнай тиеу уақытша тоқтатылды, алайда мұнай құбыры штаттық режимде жұмысын жалғастыруда» деп мәлімдеді компания.
Тағы бір танкер — Мэн аралы туы астындағы MARATHI — терминалдан шамамен алты теңіз милі қашықтықта, аумақтық суларда шабуылға ұшыраған. Кеме ҚАҚ-на мұнай тиеу үшін бағыт алған еді.
Хабарламада Қазақстанның және КҚК-ның басқа да шетелдік акционерлерінің, соның ішінде АҚШ Мемлекеттік департаменті арқылы халықаралық энергетикалық инфрақұрылым нысандарына күш қолдануға жол бермеу жөніндегі үндеулері ескерусіз қалғаны айтылған.
«Бұл жағдай жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке қауіп төндіреді, энергия ресурстары халықаралық саудасының үздіксіз тетіктерін бұзады және Қазақстанның, КҚК-ның батыстық акционерлерінің, сондай-ақ жүк жөнелтуші компаниялардың, атап айтқанда — «Шеврон», «ЭксонМобил», «Эни», «Тоталь», «Шелл» және басқа да қатысушылардың экономикалық мүдделеріне елеулі зиян келтіреді» деп жазылған хабарламада.
Консорциум бұл оқиғаны террористік шабуыл деп бағалап, мұндай соққылар экипаждарға, халықаралық мұнай жеткізілімдеріне және Қара теңіздің экологиясына қауіп төндіретінін мәлімдеді.
23 шілдеде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі серіктес елдерді КҚК теңіз терминалындағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырған болатын. Қазақстан 17 және 19 шілдеде танкерлерге жасалған шабуылдарды қатаң айыптап, мұндай әрекеттерді дереу тоқтатуды талап етті.
Ресми мәлімдемеде бұл шабуылдар елдің экономикалық мүдделеріне қарсы жол берілмейтін әрекет ретінде, сондай-ақ заңды халықаралық сауданы әдейі тұрақсыздандыруға бағытталған қадам ретінде бағаланатыны айтылған.
Бұған дейін КҚК кезекті шабуылдан кейін қазақстандық мұнайды қабылдау мен жөнелтуді қайта жандандырған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық