Украина Каспий құбырына соққы жасамауға уәде берді — БАҚ
Фото: Каспий құбыр консорциумы
АҚШ Украинаны Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа шығаруда маңызды рөл атқаратын Каспий құбыр консорциумы (КҚК) маңындағы кемелерге шабуыл жасамауға көндірді. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап, Orda.kz хабарлайды.
Ақпаратқа сәйкес, АҚШ әкімшілігі өкілдері Украина басшылығымен кездесіп, КҚК теңіз терминалы маңындағы кемелерге жасалған шабуылдар мәселесін талқылаған.
Аты-жөні аталмаған америкалық шенеуніктің айтуынша, Украина Қара теңіздегі қазақстандық мұнай экспортында маңызды саналатын мұнай танкерлері мен инфрақұрылым нысандарына соққы жасаудан бас тартуға келіскен.
Сондай-ақ материалда Киевтің арнайы байланыс нүктелерін құрғаны айтылған. Бұл жүйе арқылы кеме иелері ақпарат алмасып, Қара теңіз арқылы қауіпсіз өтуге мүмкіндік алады.
Еске салайық, соңғы шабуыл 30 шілде күні болған. Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметі теңіз терминалы акваториясында танкерге жасалған соққы туралы мәлімдеп, оны «террористік әрекет» деп атаған.
Сол кезде Маршалл аралдарының туы астында жүрген «Niffos Sifnos» танкері зардап шеккені хабарланған. Жүк жөнелтуші — «Теңізшевройл» ЖШС (Chevron компаниясы, Қазақстан). Танкер мұнай тиеу кезінде теңіздегі айлақ құрылғысында тұрған.
Кейін бұл жағдайға Қазақстан Энергетика министрлігі де түсініктеме берген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық