A-Parking ісі бойынша сот үкім шықты
6 наурызда Алматының Алмалы аудандық соты «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС-нің бұрынғы директоры Марат Пірінбеков пен Alan Parking ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Мұхтар Базарбаевқа үкім шығарды.
Сотта анықталғандай, сотталушы Пірінбеков «А» ЖШС-нің директоры бола тұра, жауапкер Базарбаевпен алдын ала сөз байласып, бір топ адаммен 225 630 072 теңге («П» ЖШС-нің шотына автотұрақ ақысынан түскен) ақшаны жымқырған.
Бұдан бөлек сотталушы Базарбаев «А» ЖШС-нің бас директоры бола тұра, іздеуде жүрген адаммен алдын ала келісіп, бір топ адаммен автотұрақтан жиналған 190 078 778 теңге сомасында аса ірі көлемдегі ақшаны ұрлаған.
Сотталушылар Пірінбеков пен Базарбаевтың қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 436 040 706 теңге болатын «А» ЖШС және «П» ЖШС қызметінің нәтижелері бойынша алынған пайданың 30% мөлшерінде дивиденд түспеген.
«Сотталушы Базарбаев басқа адамдармен топтасып, ұрлық жасағаннан кейін 391 651 076 теңге болатын ұрланған қаражаттың бір бөлігін жалған мәмілелер жасап, заңдастыру арқылы заңды айналымға түсірген» деді Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі.
Қылмыстық істі қарау барысында мемлекетке келтірілген зиян толық көлемде өтелді.
Сотталушылардың кінәсі экономикалық сараптамамен, аудиторлық қорытындылармен, куәлардың айғақтарымен және істің басқа материалдарымен дәлелденді.
Айта кетсек, сотта айыпталушылар ақылы автоматтандырылған автотұрақ енгізу жобасының мемлекетке тиімді екенін көрсетіп, кінәсін мойындамады. Мемлекет өз тарапынан бұл жобаға ақша салмай, салық айыппұлдары мен дивидендтер түріндегі жеңілдіктерге ие болды-мыс.
Прокурор соттан айыпталушыларды 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
«Үкім тағайындау кезінде сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды, бұрын соттылығының болмауын және мемлекетке келтірілген зиянды толық көлемде өтейтінін ескерді, сотқа дейінгі тергеу органдары ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ» деді Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі.
Қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының қылмыстық рөлін, жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот сотталушы Пірінбековті 5 жылға, сотталушы Базарбаевты 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеуге үкім етті.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды
- Он бес минутта Венецияға айналған Астана
- Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
- 73 пайызы ауыр: Біздің шенеуніктер қандай қылмысқа құмар?
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен
- Бауыры екі жерден жарылған, қабырғалары сынған: Жігітінің қолынан қаза тапқан қыздың туыстары сұмдық оқиғаны айтып берді
- Яссауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды
- Түркістанда ҰҚТ ауадан ақша жасап, жоқ фермаға мемлекеттен үш млрд несие алған
- Бас прокуратура сайлауалды үгіт ережелерін бұзғандарға айыппұл салынатынын ескертті
- Алматыда үш әйелі бар екенін жарияға жар салып жүрген ер адам жауапқа тартылды
- Венесуэланың бұрынғы президенті Мадуроға қатысты сот 2027 жылы басталады
- Қазақстан байланыссыз қалуы мүмкін: Үкімет жаңа спутникке он млрд бөлді
- Вашингтон мен Эр-Рияд келісімі: АҚШ тағы да бұрынғы қатесін қайталап жатыр ма?
- Ұмыт болған дәстүр қайта жаңғырды ма? Күйеу баланың үш рет тәжім етуі
- Жол апатынан тоғыз жасар бала қаза тауып, үш адам жарақат алды
- Балаева «Ахуал сегодня» YouTube-арнасы журналисінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
- Трамп Сауд Арабиясымен ядролық келісімге келді
- Аида Балаева қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретінін мәлімдеді
- Бишімбаев ісі: Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шығады
- Болат Назарбаевтың мұрагерлеріне қойылған талап сотта қайта қаралады