Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
Коллаж: Orda.kz
Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, күдікті Шерхан Аймахан бойжеткенге алдымен бес, кейін қайта оралып тағы 30 рет пышақ жарақатын салған, деп хабарлады Orda.kz.
Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот отырысы басталды. Сотта мемлекеттік айыптаушы Мадияр Әбілқасымов айыптау актісін оқып, Шерхан Аймаханға тағылған айыптардың мән-жайын баяндады.
Прокуратура нұсқасына сәйкес, Шерхан Аймахан алдымен Нұрай Серікбайды кездесуге шақырған. Алайда бойжеткен кездесуден бас тартқан. Осыдан кейін айыпталушы қызды үйінің маңында күтіп тұрған.
Мемлекеттік айыптау тарабының мәліметінше, Нұрай дүкенге шыққан сәтте айыпталушы оған алдымен бес пышақ жарақатын салған. Кейін оқиға орнынан кетіп, арада уақыт өткен соң қайта оралып, тағы 30 рет пышақ сұққан.
Алдын ала тыңдау барысында судья Саммидин Темірәлиев негізгі сот отырысы 2026 жылғы 28 шілдеде басталатынын хабарлады. Сот отырысында қорғаушылар процесті онлайн форматта өткізуді сұрады. Алайда, судья бұл өтінішті қанағаттандырмай, істі офлайн режимде қарау туралы шешім қабылдады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық