Жыр болған салық: экономист халыққа әсерін түсіндірді
Фото: Midjourney нейрожелі арқылы жасалды.
Қосымша құн салығының мөлшері 12 %-дан 20 % -ға бірден өсуі елімізде қызу талқылануда. Биліктегілер сандармен сөйлесе, қарапайым халық бұл өзгерістің мәнін әлі толық түсінген жоқ. Билік бюджет тапшылығын халық есебінен жабуды көздей ме? Orda.kz экономист Алмас Чукиннен пікір алды. Чукин бұдан басқа жолдың жоқ екенін, кімдер ең көп зардап шегетінін және реформаның апатқа айналмауы үшін не істеу керектігін жан-жақты түсіндірді.
Қосымша құн салығы мөлшерлемесінің 12%-дан 20%-ға өсуі және тіркеу шегінің 78 миллионнан 15 миллион теңгеге дейін төмендеуі қазақстандықтардың қалтасына айтарлықтай салмақ салуы мүмкін. Бұл салық ірі бизнестен бастап қарапайым тұтынушыларға дейін бәріне әсер етіп, тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына алып келеді.
Белшемізден қарызға баттық
Қазақстан бюджет тапшылығына тап болды, кірістер үнемі өсіп келе жатқан шығындарды өтей алмайды. 2024 жылы шығын 23 трлн теңгеге жетсе, салық түсімдері небәрі 12 трлн теңгені құрады. Қаржыдағы осы алшақтық ұлттық қордан алынған қаражат, ірі компаниялардың акцияларын сату және қарыз алу арқылы жапты.
2025 жылы жағдай одан да күрделі, шығындар 25 трлн теңгеге дейін өссе, кірістер 15 трлн деңгейінде жоспарланған. Алмас Чукиннің айтуынша, бұл қарқынмен Қазақстан 2035 жылға қарай ұлттық қорды толық тауысып алуы мүмкін.
«Ковид кезінде ұлттық қордан қомақты қаржы алуға мәжбүр болдық, басқа амал болмады. Жұмыс тоқтады, шығындарды жабу керек еді. Мәселе мынада, бұл шығындар автоматты түрде өсіп отырады — АЕК өзгерген сайын, оған байланған барлық төлемдер де индекстеледі. Қазір мемлекеттің міндеттемелері жыл сайын екі трлн теңгеге ұлғаюда, бұған қоса инфляция әсер етеді. Соның кесірінен барлық құрылыс пен басқа да мемлекеттік жобалар бастапқы есептік көрсеткіштен қаражат жеткіліксіз болғандықтан, қайта есептеуге келеді», — дейді экономист.
Айналып келгенде салықтарды көтеру – бюджетті аз шығынмен тұрақтандырудың жалғыз жолы болып тұр. Алайда Чукин кешенді тәсілдің маңыздылығын атап өтеді.
«Мемлекеттік бюджетті ретке келтіру қажет екенін қолдаймын және салықтарды көтеруден басқа жол көріп тұрғаным жоқ. Бірақ салықтарды жай ғана көтеру, шығындарды бақылаусыз қалдыру және экономикалық саясатты өзгертпеу жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін»,-дейді экономист.
Бірақ неге дәл ҚҚС? Себебі корпоративтік табыс салығы (КТС) мен жеке табыс салығы (ЖТС) да бар ғой.
«Бюджет үш негізгі салыққа тәуелді — ҚҚС, КТС және ЖТС. КТС-ке тиіспеу керек, өйткені бұл — компаниялардың даму қоры, пайда болмаса, инвестиция да, несие де болмайды. ЖТС-тің пайдасы аз, бірақ оған қатысты дау-дамай көп болады. Ал ҚҚС — бизнес тұрғысынан ең бейтарап салық, өйткені ол тұтыну салығы, яғни соңында оны қарапайым халық төлейді», — деді Чукин.
Дегенмен, әр сала бұл өзгерісті әртүрлі сезінеді. Мысалы, банктер көбірек зардап шегеді, өйткені олардың қызметтері ҚҚС-тен босатылған, ал төленген салықты шегере алмайды.
Басқа түссе баспақшыл....
Қарапайым тұтынушы үшін ҚҚС-тің өсуі тауар бағасының шамамен 8%-ға қымбаттауына әкеледі. Бұрын 12% қосылса, енді 20% болады. Дегенмен, билік 16% немесе 18%-дық нұсқаларды да қарастыруда.
«Мұны ақырзаман деуге келмейді, 2023 жылы 20% инфляцияны да бастан өткердік. 2024 жылы оған тағы 8% қосылды, теңге бағамы 20%-ға құлдырады – оған да үйрендік. Сондықтан ҚҚС-тің өзгеруі экономика үшін апат емес, уақытша тежеу», – дейді Чукин.
Бұл парадоксалды көрінгенімен, инфляцияға қарсы шара болуы мүмкін. Баға өссе – сұраныс төмендейді, нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдікке келеді.
Басты сұрақ – жиналған ақша қайда жұмсалады? Мұнда ҚҚС кейін мемлекеттік шығындар арқылы қайта бөлінетінін түсіну маңызды.
«Үкімет халықтың қалтасына қол сұқты деп айғайлаған кезде, бұл ақшаның өздеріне қайтатынын ұмытпау керек. Үкімет бұл қаражатты мемлекеттік шығындар арқылы қайтарады. Байлар көбірек төлейді, бірақ бюджеттен аз алады, өйткені олар мемлекеттік ауруханаларға сирек барады, жәрдемақы алмайды, балаларын жекеменшік мектептерге оқытады», – дейді экономист.
Сонымен, тұтыну салығының артуы арқылы мемлекет бюджеттің қайта бөлу арқылы әлеуметтік теңсіздікті төмендетеді.
«Мемлекеттік шығындар» деп аталатын мәселеге келсек, Чукиннің пікірінше, ҚҚС-тің өсуі үлкен реформалармен сүйемелденуі керек. Ал не өзгерту қажет?
- Мемлекеттік шығындарды оңтайландыру үшін шығын баптарын тек жоспарлы есепке сәйкестік тұрғысынан ғана емес, олардың шынайы қажеттілігін ескере отырып талдау қажет. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу жүйесін жақсарту қажет.
- Жеңілдіктерді қысқартуға келер болсақ, негізінен, жеңілдіктер — бұл бюджеттің жасырын шығындары, ал оларды үнемі жоғалтып отырған табыс түрінде көрсетеді. Елде көптеген "қара тесіктер" бар, мысалы, арнайы экономикалық аймақтар, олар шынайы пайда әкелмейді, бірақ сонымен қатар ҚҚС төлеуден босатылады.
- Әкімшілікті жетілдіру бойынша экспортшыларға ҚҚС қайтару, әсіресе шикізаттық компанияларға, әлі күнге дейін өткір мәселе болып табылады, бірақ бұған балама жоқ. Ел экспортты дамытуға ниетті болса, оны қосымша 20%-дық салықпен ауыртпау қажет — бұл әлемдік тәжірибе және оны өзгерту мүмкін емес. Ал импортшылардан ҚҚС алынуда, бірақ ол өтелмейді.
Жаңалықтар
- Адвокат Мұрат Адамның сотында жарыссөз басталды: Судья Бажкенованы шақырудан бас тартты
- Ақтауда әскери қызметші қаза тапты
- Талғар ауданында ер адам азаматтық некедегі әйелін пышақтап өлтірді
- Астанада 82 жастағы шал шөбересін зорлағаны үшін 20 жылға сотталды
- «25 жылға сотталған»: Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы жаңа қызметке тағайындалды
- Ғылымға бөлінген 295 млн теңге қайда кетті? Прокуратура мемлекет қаржысының жымқырылғанын анықтады
- Павлодар облысында тұрғын үй өртеніп, екі бала көз жұмды
- «Баламды көршісі шақырып әкеткен»: Ақмола облысында жоғалған жеті баланың әкесі үш айдан бері табылмай келеді
- Астанада ер адам құқық қорғау органы қызметкеріне оқ атты
- Астанада екі медициналық клиниканың басшысы ұсталды
- АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстан және тағы 74 ел үшін иммиграциялық виза беруді тоқтатты
- Иран аспаны қауіпті: Air Astana мен FlyArystan Дубай мен Мысыр бағыттарын өзгертті
- Түркістандағы әкесін өлімші етіп сабаған адам 6 жылға сотталуы мүмкін
- Ресей зауыттарының бірінде екі қазақстандықтың мәйіті табылды
- Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды
- Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базары 2 млрд теңгеге арзандатылып қайта сатылымға шықты
- ҚР СІМ Қазақстанның мұнай танкерлеріне жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады
- 13 жастағы баскетболшы ойын кезінде қайтыс болды
- Жасанды интеллект тергеуі: Жасөспірімдер жалған төлемдермен сауда жасаған
- Қазақстанда алкогольге қатаң шектеу енгізу ұсынылды