Ресейде жаңа заң: шетелдегі ресейліктерді қорғау үшін президентке әскер қолдану құқығы берілмек
Фото: Ресей мемлекеттік думасы
Ресей мемлекеттік думасының депутаттары президенттің шешімімен шетелде қудалауға ұшыраған ресейліктерді қорғау үшін қарулы күштерді қолдануға мүмкіндік беретін заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz РБК-ға сілтеме жасап.
Заң жобасын 413 депутат қолдап дауыс берген. Қарсы тарап немесе қалыс қалғандар болмаған.
Қорғаныс министрінің орынбасары әрі мемлекеттік хатшы Анна Цивилева заң жобасын таныстыра отырып, оның мақсаты – басқа мемлекеттердің аумағында ресей азаматтарын «қылмыстық және өзге де қудалаудан» қорғаудың құқықтық негізін қалыптастыру екенін айтты.
Қосымша баяндамашы, қорғаныс комитетінің төрағасы Андрей Картаполов бұл нормалар ресей азаматтарының құқықтарын, сондай-ақ ресейлік ұйымдарды «шетелдік заңсыз әрекеттерден» қорғауға ықпал ететінін айтты. Ол АҚШ-та да ұқсас заң 2002 жылы қабылданғанын айтты.
Заң жобасында әскердің нақты қалай қолданылатыны көрсетілмеген.
Қазір шетелде әскер қолдану үшін президентке Федерация кеңесінің рұқсаты қажет. Дәл осындай рұқсат 2022 жылы Украинаға басып кіру алдында берілген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық