Депутат тойдаға «үздік құда» марапаттарына қарсы шықты
Фото: Бейнежазбадан скриншот
Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалды орынсыз мақтан мен жалған беделге қатысты сын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәжіліс депутатының айтуынша бүгінде халық марапат ұғымын мәнсіз ойыншыққа айналдырып жіберген.
«Бүгінде, тойдағы даңғазалықтың шегі болмай тұр. Той иелері есік аттаған құдаларға «үздік құда» деген төсбелгі тағып, қасиетті марапат ұғымын мәнсіз ойыншыққа айналдырып жіберген. Бұл тек тойдың деңгейінде қалса, жақсы ғой! Бірақ дерт қоғамға әсер етіп, өндіріс орыны мен еңбек ұжымдарына жетті. Өтірік марапат мен қолдан жасалған төсбелгілер алу сәнге айналды. Алып жатқан кейбір медаль мен төсбелгінің қадірі әлгі «үздік құда» төсбелгісінен де аспайды. Алайда, оған сұраныс бары қынжылтады» ,— дейді Ерболат Сатыбалды.
Сондай-ақ кейбір құрылымдар «алтын адам», «ғасыр адамы» секілді атаулармен энциклопедиялар шығарып, ақылы негізде адамдарды «мәртебеге» қосу тәжірибесін енгізгені сынға алынды.
«Кейбір пысықайлар «алтын адам», «ғасыр адамы» атты энциклопедия шығарып, 300 мың теңге төлесең — өзіңді де, ата-бабаңды да «алтын адамдар» қауымына қосып беретін болды. «Қазақстанның құрметті азаматы» «Ұлт ұстазы», «Ғасыр ұстазы», «Қазақстанның қайраткері», «Алаш ұлы», «Ұлы Дала ұлы» «Арда азамат», «Тұлға» тізе берсең — шегі жоқ жалған төсбелгі мен ордендер» айналғаны көрсетілді ,— дейді мәжіліс депутаты.
Мәселенің нақты мысалы ретінде 2025 жылғы 25 желтоқсанда «Qazaqstan ardagerleri» қоғамдық бірлестігі бірнеше азаматты Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс», «Батыр шапағаты», «Ел жанашыры» секілді белгілермен марапаттағанын келтірілді. Кейін бұл белгілердің мемлекеттік наградаларға ұқсастығы анықталып, ұйымдастырушылардың бірі ӘҚБтК 674-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Еске сала кетейік, Миллиондаған қазақстандық өмір бойы қосымша зейнетақы төлемдерін ала алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық