«Қорғаста» ҚҚС-тан босатылған 19 инвесторға екі жыл бойы заңсыз төлем есептелген
Фото: Ашық дереккөзден
«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы басқарушы компаниясы инвесторға екі жыл бойы заңсыз түрде қосылған құн салығын (ҚҚС) есептеген, деп хабарлайды Orda.kz.
Жалпы құны 70 млрд теңгеден асатын жобаларды жүзеге асырып жатқан 19 инвесторға су жеткізу тарифтерін қалыптастыру кезінде заңсыз түрде қосылған құн салығы (ҚҚС) есептеліп отырған. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
«Инвесторлар құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен Жетісу облысы прокуратурасы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының басқарушы компаниясы қызметінде өрескел заң бұзушылықтарды анықтады. Анықталғандай, екі жыл бойы жалпы құны 70 млрд теңгеден асатын жобаларды жүзеге асырып жатқан 19 инвесторға су жеткізу тарифтерін есептеу кезінде заңсыз түрде қосылған құн салығы есептелген» деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, Салық кодексіне сәйкес, арнайы экономикалық аймақ аумағындағы қызмет ҚҚС-тан босатылады. Алайда бұған қарамастан, заңнама талаптары жүйелі түрде сақталмаған. Нәтижесінде, ведомство мәліметінше, инвесторлар негізсіз қаржылық шығындарға ұшырап, бизнес үшін жасанды кедергілер туындаған.
«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтар толық жойылды. Инвесторларға заңсыз өндірілген 1 млн теңге қайтарылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды», деп толықтырды Бас прокуратура
Оқи отырыңыз:
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- Бұрынғы ректор ҚазҰПУ ғимаратын жалға беріп табыс тапқан – прокуратура нысанды қайтарды
- Бас прокуратура интернет-алаяқтардың шабуылы күшейгенін ескертті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық