Ақтау маңындағы әуе апаты: Әзербайжан мен Ресей өзара келісімге келді
Фото: Orda.kz
Әзербайжан мен Ресей 2024 жылғы желтоқсанда Ақтау маңында болған ұшақ апатының салдарын реттегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресей 2024 жылғы 25 желтоқсандандағы ұшақ апатын мойындады. Нәтижесінде екі ел Ресей Федерациясының әуе кеңістігінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің абайсыз әрекетінен «Azərbaycan Hava Yolları» (AZAL) әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының Ақтау қаласы маңында апатқа ұшырауына байланысты мәселелерді, соның ішінде өтемақы төлеуді қамтитын барлық жайттарды тиісті түрде шешуге өзара келісті.
«Әзербайжан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың өзара құрмет, сенім және тараптардың мүдделерін ескеру негізінде тұрақты дамуы алдағы уақытта да тату көршілік қатынастардың нығаюына және екі ел халықтарының игілігі үшін ынтымақтастықтың кеңеюіне ықпал ететініне сенімдіміз», деп хабарлады Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі.
Екі ел ұшақ апаты салдарынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына тағы да қайғыра көңіл айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты, оның ішінде Қазақстанның алты азаматы болды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық