Президент АХҚО басшысына елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Президентке АХҚО қызметінің 2025 жылғы және 2026 жылдың I тоқсанындағы негізгі нәтижелері, сондай-ақ Орталықты одан әрі дамыту жоспары таныстырылды.
Ренат Бектұров Орталық құрылғаннан бастап тартылған инвестиция көлемі 21,5 миллиард долларға жеткенін (2025 жылдан бері – 7,2 миллиард доллар) мәлімдеді.
Ол мемлекет басшысынан Орталықтың басқаруындағы активтердің жалпы көлемі 5,4 миллиард доллар болды. АХҚО қатысушылары ел бюджетіне 284,3 миллиард теңге салық төлегенін (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша), былтырдың өзінде 135,9 миллиард теңге аударғанын айтты.
Салық түсімдері өсуіне негізінен қатысушылар санының артуы және олардың қызметінің жандануы әсер етті. Мәселен, 2025 жылдан бастап 1800-ден астам жаңа компания тіркелді. Орталық қатысушыларының жалпы саны 5400-ден асты.
Сонымен қатар АХҚО органдары мен ұйымдары атқарған жұмыс нәтижелерін баяндады. AIX биржасы құрылғаннан бері борыштық және үлестік капитал көлемі 12,4 миллиард долларға артты. 2023-2025 жылдардағы сауда-саттық 4 миллиард долларға жетті.
Былтырдан бері АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығы 1600-ден астам істі қарады, ал оның жалпы саны 4900-ден асты. Авиациялық-қаржылық экожүйені дамыту мақсатында Aviation Finance Hub іске қосылғаны туралы мәлімет берді.
Бұл бастама әуе кемелерін қаржыландыру мен лизингті дамытуға, салалық сараптаманы жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ АХҚО геологиялық барлаудың бастапқы кезеңдеріндегі жобаларға инвестиция тартуды көздейтін арнайы платформаны іске қосты.
Орталық венчурлық қорлар мен студиялар және краудфандинг платформалар ашу арқылы өңірдегі креативті индустрияны қолдауға арналған экожүйені дамытуда.
Мемлекет басшысы Орталықты одан әрі ілгерілетуге қатысты бірқатар міндет жүктеді. Осы орайда, АХҚО-ның халықаралық беделін күшейту, реттеуші ортасын жетілдіру, елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасау және Қазақстанның қаржы нарығын дамыту мақсатында Орталық тәжірибесін жаппай тарату қажет екенін атап өтті.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
- Ердоған Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды
- Қазақстанда жаңа партия құрылады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық