Маңғыстау облысында қатты нөсер мен дауылдан үйлерді су алып, шатырлар ұшты
Фото: Лада басылымы
15 сәуір күні Маңғыстау облысында ауа райы күрт бұзылып, өңірде қатты жел соғып, нөсер жаңбыр төпеп жауды, деп хабарлайды Orda.kz жергілікті «Лада» басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғындар табиғи апат салдарын көрсетіп, басылымға суреттер мен бейнежазбалар жолдаған.
Басылым хабарланғандай, ең күрделі жағдай Жаңаөзен қаласында, сондай-ақ Рахат-1, Рахат-2, Рахат-3, Рахат-4, сонымен қатар Сайөтес және Ақшымырау ауылдарында болып отыр.Тұрғындардың айтуынша, тұрғын үйлерді, жолдар мен көшелерді су басқан. Сонымен қатар, қатты екпінді жел ғимараттардың шатырларын зақымдаған.
Өңірдегі төтенше жағдайлар департаменті де табиғи құбылыстың күшейгенін мәлімдеді.
«14–15 сәуір аралығында Маңғыстау облысы аумағында жауын-шашын мөлшері айлық нормадан 3–4 есе артық түсті. Қатты жауынның салдарынан Жаңаөзен қаласында, сондай-ақ Маңғыстау және Қарақия аудандарында көшелерді су басу фактілері тіркелді. Жаңаөзенде екі тұрғын үйді су басты. Жағдайды тұрақтандыруға 50-ден астам техника және ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың 150-ден астам қызметкері қатысты», деп түсіндірді ведомство.
Сондай-ақ құтқарушылар мәліметінше, қатты жел салдарынан Маңғыстау және Бейнеу аудандарында шамамен 20 тұрғын үйдің шатыры зақымданған. Ведомство жауын-шашынның әлі де жалғасып жатқанын қосты.
Қоғамдық коммуникациялар орталығының хабарлауынша, Қарақия ауданында және Шетпе ауылында жаңбырдан кейінгі су басу салдарын жою жұмыстары жүргізілуде.
«Қатты жауын салдарынан бірқатар елді мекендерде су жиналды. Атап айтқанда, Құрық, Бостан, Құланды, Сенек, Жетібай, Мұнайшы ауылдарында және Шетпе ауылында суды сорып шығару және су басудың алдын алу бойынша жедел шаралар ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта аталған елді мекендерде жағдайды тұрақтандыру үшін кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр, барлық тиісті қызметтер жұмылдырылған. Арнайы техника, оның ішінде вакуумдық машиналар, ассенизаторлар және түрлі агрегаттар қолданылып, жаңбыр суы үздіксіз сорылып жатыр. Сонымен қатар білікті мамандар тартылған. Мотопомпалардың көмегімен су тиімді түрде сыртқа шығарылуда», деп хабарлады орталық
Басылымның мәліметінше, 15 сәуір күні Маңғыстау облысында қолайсыз ауа райына байланысты автожолдың бір учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына байланысты Маңғыстау ауданындағы бірнеше ауыл мектептерінің оқушылары онлайн форматқа көшірілді.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда жаңа партия құрылады
- Опырылған Кеген-Нарынқол күре жолының жағдайы қандай?
- Түркияда нөсер жаңбыр салдарынан екі адам қаза тапты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық