Жолда қыршын кеткен өмірлер: Мас жүргізушіге үкім шықты
Коллаж: Orda.kz
2025 жылғы 30 қарашада Алматы облысы Жамбыл ауданында Қарғалы және Қаскелең–Мыңбаев автожолында жол-көлік оқиғасы болды. Көлік иесі Мамедов Орустам есімді азамат болған, ол мас кезінде көлік жүргізіп, жол апатын жасаған. 13 сәуір күні сот шешімі шығып, көлік иесіне, яғни жүргізушіге 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Orda.kz редакциясына адвокат Гүлмира Бабажанова сұхбат берді.
Еске салар болсақ, Orda.kz тілшісі оқиға орнында қаза тапқан 22 жастағы Рустемнің анасы сұхбат беріп, баласына жала жабылып отырғанын айтқан болатын. Тіпті анасының қолындағы бейнежазбадан баласының артқы терезеден ұшып кеткені де көрінеді. Сонымен қатар көлікте бес адам болған, оның екеуі кәмелеттік жасқа толмаған балалар, оның біреуі 16-да, екіншісі 17 жастағы қыз бала. 16 жастағы қыз оқиға орнында қаза тапқан.
Ресми дерекке сәйкес, жол апаты салдарынан екі жолаушы — Р.Б.Рейдаров және 2009 жылы туған кәмелетке толмаған М есімді қыз қаза тапты. Жүргізуші дене жарақатын алған. Медициналық куәландыру қорытындысына сай ол жеңіл дәрежеде мас болған. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Апат салдарынан екі жолаушы қаза тапты. Олардың бірі — кәмелетке толмаған А.Мария, екіншісі — Гидаров Рустам. Екеуі де алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Көлік салонында болған тағы бір жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізіліп, госпитализацияланды.
«Ол да алған жарақаттарына байланысты осы іс бойынша жәбірленуші тарап ретінде танылды. Ал жолаушылардың бірі бұл іс бойынша куәгер ретінде өтті. Оқиғадан кейін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Қылмыстық іс аяқталғаннан кейін Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. 13 сәуір күні судья Бедовтың төрағалығымен Мамедов Рустамға қатысты үкім шықты. Сот оны кінәлі деп таныды», —деді адвокат Бабажанова.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі және 345-бабы бойынша Мамедовқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, оған өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы берілді.
Соқтығыс алдында көлікте отырғандар қатты шошыған. Тірі қалған қыздың омыртқасы ығысқан.
«Қыздың айтуынша, олар өте қатты жылдамдықпен келе жатқан. Ұлым қыздар ұшып кетпес үшін екі жақтан есіктерді ұстап отырған. Жолда өте қауіпті бұрылыс бар, қиыршық тас төселген. Көлік сол жерде жолдан шығып, үш рет аударылған. Соққы кезінде ұлым алдымен мойнын сындырып алған, кейін артқы әйнек арқылы ұшып шығып, жақ сүйегі сынған. Таңға жуық бауырлары келіп, оны мәйітханаға алып кеткенін айтты. Сол кезде ғана хабар берілді, — дейді Гита Балабекқызы.
Адвокат Бабажанованың айтуынша, көліктің арқы терезесінен Гитаның ұлы ұшып кеткен, бірақ апаттан кейін көлік иесі артқы орындыққа отырып алған.
«Сондай-ақ, жәбірленушілерге моральдық шығын ретінде әрқайсысына 7 миллион теңгеден және материалдық шығын өндіру туралы шешім қабылданды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ. Аталған бап бойынша жаза 7 жылдан 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруды көздейді», — деді адвокат.
Жәбірленуші тарап айыпталған жүргізушіден моральдық шығынға 100 миллион талап еткен. Ал сот 7 миллион қанағаттандырып отыр. Қорғаушының айтуынша, олар жазамен толық келісіп, апеллияциялық шағым түсірмейтінін айтқан.
Еске салар болсақ, 8 сәуір күні Талғар ауданды сотында Есік қаласындағы жан түршігерлік апатқа қатысты үкім шыққан болатын. Былтырғы 29 қазан күні Алматы облысы Есік қаласының маңындағы Құлжа трассасы бойында апат болған. Салдарынан бір азамат қаза тауып, екіншісі мүгедек болып қалды.
Сот шешімі күні кеше шыққан болатын. Сот жүргізушіге не бәрі екі жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол 6 ай тергеу изоляторында отырған, енді бір жыл төрт айын жаза мекемесінде өтеп бостандыққа шықпақшы. Orda.kz тілшісі Есік қаласына барып, ұлынан айырылған мүгедек анамен және апаттың салдарынан мүгедек болып қалған жәбірленушімен тілдесіп қайтты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Ұлыбритания, АҚШ және Аустралия суасты дрон бағдарламасын іске қосты
- Ресей 2030 жылға қарай автокөліктерге алкоқұлып орнатады
- Жылжымайтын мүлікке арналған техникалық паспорт онлайн рәсімделеді
- Еліміз балаларға медициналық көмек көрсетудің гибридті моделін енгізеді
- 200 тоннадан астам зақымданған астық елге кіргізілмей, экспорттаушы елге қайтарылды
- Прокуратура Алматы облысында 800-ден астам құқықбұзушылықты анықтады
- Bloomberg — Қазақстан өңірдегі цифрландыру көшбасшысы
- Жаңа Конституцияның қабылдануына орай кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін?
- Еліміздегі ҰБТ-дан шекті балл жинаған талапкерлер күмән туғызды
- Жалған жұмыс арқылы әлеуметтік төлем алғандарға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды
- АҚШ Эбола вирусын жұқтырған науқастарын Африкаға орналастырмақшы, Кения соты қарсы шықты
- Қарағанды облысында өртенген үй мен шаруашылық құрылысынан 8 газ баллоны шығарылды
- Тоқаев: Озық технологиялар еуразиялық интеграцияның қуатты катализаторына айналуы керек
- Жангелдиндегі отбасы өлімі: Туыстары бірнеше ай бойы марқұмдармен хат жазысқан
- «Есімімді кірлетуге жол бермеймін»: Михаил Шайдоров жалақы дауына қатысты мәлімдеме жасады
- Қазақстан халықаралық деңгейде «+7» телефон коды бойынша тең құқықты мәртебесін бекітті
- Атырау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
- Қазақстан Ресейдің қазақтар көп тұратын өңірлеріне мектеп салады
- Тағы бір «Палау орталығы» өртенді, бұл жолғысы Астанада
- Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандыққа қатысты тың дерек шықты