Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілі Ретно Марсудиді қабылдады. Кездесуде су ресурстарының жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үшін су орнықты даму, экологиялық қауіпсіздік және өңірдегі тұрақтылықпен тікелей байланысты стратегиялық ресурс саналатынын атап өтті. Президент саладағы халықаралық ынтымақтастықтың анағұрлым тиімді архитектурасын қалыптастырудың маңызы ерекше екеніне назар аударды.
Осы орайда Мемлекет басшысы БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөнінде көтерген бастамасына арнайы тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл қадам су ресурстарын ұтымды пайдалану, су проблематикасына қатысты сын-қатерлер бойынша халықаралық үйлестіру тетігін кеңейту және орнықты шешімдерді ілгерілету жөніндегі жаһандық күш-жігерге тың серпін береді.
Алдағы күндері Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитте аталған құрылымды қалыптастыру параметрлері мен перспективасын егжей-тегжейлі талқылауға бағытталған халықаралық консультациялардың алғашқы кезеңін бастау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар биыл желтоқсан айында Әбу-Дабиде өтетін Су ресурстары жөніндегі БҰҰ конференциясы саладағы түйткілдерді шешудің өзара келісілген тәсілдерін әзірлейтін алаң рөлін атқаратыны айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ретно Марсуди Орталық Азия өңірінде су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі жөнінде пікір алмасты.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- Тоқаев Корея президентінің арнаулы өкілімен қазақ-корей ықпалдастығын одан әрі нығайту жолдарын талқылады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық