Қазақстандықтар қосымша зейнетақы төлемдерін өмір бойы ала алады — Еңбек министрлігі
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Миллиондаған қазақстандық өмір бойы қосымша зейнетақы төлемдерін ала алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) қызметкерлердің болашақтағы әлеуметтік қорғалуын күшейтетін маңызды тетікке айналған. Оның басты ерекшелігі – болашақ зейнетақы жинақтары қызметкердің ағымдағы жалақысын азайтпай, толықтай жұмыс беруші тарапынан берілуінде.
«Бұл норма әрбір жұмыс істейтін қазақстандық, әсіресе жас буынның сенімді «қаржылық қорының» болуы үшін енгізілген. Енді азаматтардың болашақ зейнетақысы үш көзден: мемлекеттік базалық төлем, БЖЗҚ-дағы жеке жинақтар және жұмыс берушіден келетін қосымша «шартты-жинақтаушы» бөліктен құралады», деп хабарлады ведомстводағылар.
Мұндай тәсіл қызметкерге өмір бойы қосымша төлемдер алуға кепілдік береді. Бұл әсіресе 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туғандар үшін маңызды.
Министрлік 2026 жылы мұндай жарналардың мөлшерлемесі жұмыскер табысының 3,5%-н құрайтынын, 2028 жылға қарай ол 5% мақсатты көрсеткішке жететінін мәлімдеді.
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыс берушілер 5,8 млн қызметкерді қосымша зейнетақы құқығымен қамтамасыз еткен. Жыл басынан бері азаматтардың шоттарына 951 млрд теңге аударылған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық