4 адам опат болды: Түркияда тағы да оқушы мектептегілерге оқ жаудырды
Фото: Әлеуметтік желіден
Түркияның Кахраманмараш қаласындағы мектепте қару ұстаған оқушы 4 адамды жайратып салды. Қаза тапқандардың бірі – мұғалім, қалған үшеуі – оқушылар. Сондай-ақ 20 адамның жараланғаны айтылды, деп хабарлайды Orda.kz MINVAL-ға сілтеме жасап.
Оқиға Оникишубат ауданындағы Ayser Çalık Ortaokulu мектебінде болған. Оқу орны ғимаратында оқ атылған дыбыстар естілген.
Оқиға орнына жедел түрде полиция мен жедел жәрдем бригадалары жеткен. Провинция губернаторы Мюкеррем Үнлюэр мектепке шабуыл жасаған адам өз-өзіне қол жұмсағанын айтты. Ол 8-сынып оқушысы болған.
«Ол мектепке бес бірлік қарумен келген. Әкесі бұрынғы полиция қызметкері. Қарулар соған тиесілі болуы мүмкін», – деді губернатор.
Мектеп маңына ата-аналар мен мұғалімдер жиналған. Оқу орнының айналасы қоршауға алынып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Айта кетейік, кеше ғана Түркияның оңтүстігіндегі Шанлыурфа провинциясының Сиверек қаласында Анадолы кәсіптік-техникалық орта мектебіне қарулы шабуыл жасалған еді.
Оқи отырыңыз:
- «Әндерді сатып алдым»: Композитор Қуат Әбіл пен әнші Баянсұлу арасындағы кикілжің оң шешімін тапты
- Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық